АҚТӨБЕ. 12 ақпан. Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде облыс аймағында жұмыс істеуге ниетті түлектерді алдын ала жұмысқа бөлу шарасы ұйымдастырылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Шараға аудан әкімдерінің орынбасарлары мен қалалық және аудандық ауруханалардың бас дәрігерлері қатысып,түлектерді өздеріне жұмысқа шақырды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының деректеріне сүйенсек, аймақта реаниматолог, фтизиатр және жалпы тәжірибе дәрігері сынды 94 маман жетіспейді екен.
Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов облыстың денсаулық сақтау саласы жыл өткен сайын дамып келе жатқанын, сондықтан жас мамандарға сұраныстың жоғары екенін айтты.
Биылғы жылы осы университетті алты мамандық бойынша 546 түлек бітіреді. Оның ішінде 100 акушер-гинеколог пен педиатрлар міндетті түрде резидентурада білімін жалғастырады. Сондай-ақ, облыстан тысқары Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары үшін жалпы тәжірибедегі терапевт, хирург, стоматолог секілді төрт жүзге жуық маман даярланған. Біздің өңірде 76 түлек қалуды жоспарласа, 80 түлек өзге облыстарға аттанбақ. Ал 56 түлек резидентурада оқиды. Дерек көзінен белгілі болғанындай, жыл сайын университет түлектерінің 85 пайызы жұмысқа орналасады. Болашақ дәрігерлерді жұмысқа орналастырудың бұл жолғы шарасы Ақтөбе өңірінің медициналық ұйымдарына арналып ұйымдастырылса, келесі жиын еліміздің батысындағы өзге аймақтарын қамтитын болады.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: zkgmu.kz.
• 12 Ақпан, 2016
Ақтөбеде түлектерді жұмысқа бөлу шарасы өткізілді

Аида Балаева: Креативті экономика тек шабыт пен идеяға ғана сүйеніп дами алмайды
Қоғам • Бүгін, 21:33
Елордада веломаусым ашылды: 700-ге жуық қатысушы «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты
Оқиға • Бүгін, 20:58
Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20