АСТАНА. 12 ақпан. Норвегияның Осло қаласында жасөспірімдердің Қысқы Олимпия ойындарына қатысатын спортшыларымыз бен Ұлттық олимпиада комитетінің өкілдері Қазақстанның осы елдегі елшілігінде болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Елшілікте еліміздің Олимпиадаға барған делегациясы Қазақстанның Норвегия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Әбусейітовпен кездесті.
Кездесуде елші Олимпиадада 20 спортшымыздың ел намысын қорғайтынын, олардың арасында қазірдің өзінде жас болса да бас бола білетін жасөспірімдеріміздің бар екенін айтып, жарыс кезінде елшілік отандастарымыздың жақсы жарысуы үшін қолда бар мүмкіндіктің барлығын жасайтынын айтты. Өз кезегінде Ұлттық олимпиадақкомитетінің вице-президенті Андрей Крюков жарыста жастарымыздың спорттың 9 түрінен қатысатынын, қазір оларға барлық жанкүйерлердің елімізге жүлделерді арқалап әкелетініне үмітпен қарап отырғанын атап өтті.
Норвегиядағы елшіміз 1994 жыл дәл осы қалада, Лиллехамерде Қазақстан спортшысы Владимир Смирновтың алтын медальді жеңіп алғанын, одан кейін ешкімнің Олимпия ойындарында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерлімегенін еске салып, соның нәтижесін биылғы додада жастарымыздың қайталайтынына сенім білдірді.
Дастан Кенжалин.
Дерек: Қазақстанның Ұлттық олимпиялық комитеті.
Сурет: egemen.kz
• 12 Ақпан, 2016
Қазақстан спортшылары Норвегиядағы елшілікте болды

Аида Балаева: Креативті экономика тек шабыт пен идеяға ғана сүйеніп дами алмайды
Қоғам • Бүгін, 21:33
Елордада веломаусым ашылды: 700-ге жуық қатысушы «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты
Оқиға • Бүгін, 20:58
Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20