12 Ақпан, 2016

Мәскеуде «Раменское» атты халықаралық аэропорт ашылады

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-02-16-ramenskoe

АСТАНА. 12 ақпан. Биылғы жылғы 15 наурызда Мәскеуде «Раменское» деп аталатын жаңа халықаралық аэропорт іске қосылады. Бұл туралы ras.kz ақпарына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Аэропорттың басқарушы компаниясы - «Рампорт Аэро» бас директоры Томас Вайшвиланың айтуынша, Раменскоеден ұшып шығатын бірінші рейсті халықаралық маршруттағы ұшақ атқаратын болады. «Біз 2016 жылы 1,9 млн. адамға қызмет көрсетуді жоспарлап отырмыз. Соның ішінде бірінші айда 50-60 мың адам ұшады», - деді Вайшвила. Ол бұған аэропортқа дейін жету үшін Қазан вокзалынан «Отдых» стансасына дейін келу керек екенін қосты. «Ресей темір жолы» ААҚ да «Спутник» пойызының «Жуковский» стансасына тоқтайтынын растады. Осы жерде қыркүйек айында бөлек платформа ашылады. Сондай-ақ Котельниковтан аэропортқа дейін әр 30 минут сайын бір автобус шығып тұрады. Осымен «Раменское» Мәскеу авиация торабындағы төртінші аэропорт болады. Ал жалпы Мәскеу аймағында,ы аэропорт саны осымен жетіге жетіп отыр. Бұған дейін Домодедово, Внуково, Шереметьево секілді белгілі әуе гаваньдарымен қатар, Остафьево, Чкаловский деген аэропорттар бар. Ал кеңес заманынан алдыңғы үш аэропортпен бірге жұмыс істеп келген Быково кейінгі жылдары жабылып қалды. Талғат Райымбек. Дерек, фото: ras.kz.