Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кешегі отырысында ОСК «Бірлік» саяси партиясының партиялық тізімін тіркеді. Қаулы жобасымен Комиссияның хатшысы Бақыт Мелдешов таныстырды.
«Сіздердің назарларыңызға «Бірлік» саяси партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы қаулы жобасы ұсынылып отыр. Құжат бойынша «Бірлік» саяси партиясының партиялық тізімі тіркеледі. Тіркелген Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға куәлік беріледі. Кандидаттардың саны – 8», – деді Бақыт Мелдешов.
Оның хабардар еткеніндей, партиялық тізімге енгізілген азаматтардың ҚР-ның «Сайлау туралы» заңнамасына сәйкестігі еліміздің Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурасы арқылы тексерілген. Аталған ведомстволар берген ақпараттарға сәйкес, партиялық тізімдегі азаматтардың барлығының да заңға сәйкестігі анықталған. Кандидаттардың және олардың жұбайларының табысы және мүлкі туралы декларациялары салық органдарының анықтамаларымен расталған.
ОСК мүшелері қаулы жобасын бірауыздан мақұлдады және «Бірлік» саяси партиясының атауы дауыс беру бюллетеніне енгізілетін болып шешім қабылданды. Бұдан соң Ортсайлауком басшысы Қуандық Тұрғанқұлов ОСК-ның отырысына қатысқан «Бірлік» саяси партиясы төрағасының орынбасарлары Т. Қуанышевқа және Б. Байқадамовқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың куәліктерін тапсырды, сондай-ақ, «Бірлік» партиясының партиялық тізіміне енгізілген Мәжіліс депутаттығына барлық кандидаттардың куәліктерін берді.
Атап өтейік, 2016 жылғы 12 ақпандағы жағдай бойынша Ортсайлаукомға ұсынылған 6 партиялық тізімнің барлығы тіркелді. Олар – «Нұр Отан» партиясының, «Ақ жол» ҚДП-ның, «Ауыл» ХДПП-ның, ҚКХП-ның, ЖСДП-ның және «Бірлік» СП-ның партиялық тізімдері.
Орталық сайлау комиссиясының кешегі отырысында, сондай-ақ, «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы да қабылданды. ОСК мүшесі Татьяна Охлопкованың айтуынша, аталған қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының алғашқы 12 байқаушысы аккредиттелген. Сонымен қатар, «Сайлау туралы» Заңның 12-бабына және 19-бабының 8-тармағына сәйкес Ортсайлауком заңнамада белгіленген тәпртіппен сайланғанға дейін Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына С.Мәдиеваны тағайындады.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ.

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22