Кеше Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанының барысы туралы ҚР ОСК мүшесі М.Сәрсембаев брифинг өткізді.
Алдымен ол партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну барысына тоқталды. Оның атап өтуінше, Орталық сайлау комиссиясына алты партиялық тізім ұсынылған. Қазіргі уақытта олардың бесеуін Ортсайлауком тіркеді. Партиялық тізімдерді тіркеу 19 ақпанға дейін жүргізіледі. ОСК мүшесі бұдан кейін барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауының жайы туралы айтып берді. «2016 жылғы 20 наурызда барлық деңгейдегі мәслихаттардың 3335 депутаты, соның ішінде облыстық, Астана және Алматы қалалары мәслихаттарының 550 депутаты, аудандық мәслихаттардың 2160 және қалалық мәслихаттардың 625 депутаты сайланады, – деді М.Сәрсембаев осы жөнінде. – Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну белсенді өтуде. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтері бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына 7885 кандидат ұсынылды».
М.Сәрсембаевтың хабардар етуінше, олардың 866-сы – облыстық мәслихаттарға, 34-і – Астана қалалық мәслихатына, 133-і – Алматы қалалық мәслихатына ұсынылып отыр. Аудандық мәслихаттарға 5403 кандидат, қалалық мәслихаттарға ұсынылған кандидаттардың саны қазірге 1449 адам екен. Бір депутаттық мандатқа орташа бәсекелестік қазіргі кездің өзінде екіден астам адамды құрайды. Саяси партиялар 1942 адам (24,6 %), қоғамдық бірлестіктер 12 адам (0,2 %), ал 5931 адам (75,2 %) өзін-өзі ұсынғандар. Ұсынылған кандидаттардың ішінде 40 ұлттың өкілі бар. Кандидаттардың 71,4 пайызы – ер адамдар, 28,6 пайызы – әйелдер. Сондай-ақ, олардың 72,3 пайызы жоғары білімді, орташа жасы – 43 жас.
«Ұсынылған кандидаттардың ішінде әкімдіктер мен мәслихаттар қызметкерлері – 255 адам (3,2%), мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар қызметкерлері – 3653 адам (46,3%), коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері – 3384 адам (42,9%), саяси партиялар мен ҮЕҰ-ның өкілдері – 135 адам (1,7%), зейнеткерлер – 60 адам (0,8%), жұмыссыздар – 202 адам (2,6%), 5 адам (0,1%) жұмыс орнын көрсетпеген. Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттар депутаттығына 1096 кандидатты тіркеді», – деп қорытты сөзін М.Сәрсембаев.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22