Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің «Жайық Пресс» ЖШС-інде құрылған филиалында Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов брифинг өткізді. Мұнда ол жергілікті және республикалық БАҚ өкілдеріне барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге қатысты төмендегідей жәйттерді баяндап берді.
Қазіргі күнге дейін өңірдегі барлық сайлау учаскелерінің орны белгіленіп, оның ішін тиісті талаптарға сәйкес жарақтандыру жұмыстары басталды. Сайлау бюллетеньдері әзірленіп, сайлау туралы жарнамалар мен күнтізбелерді ілу жұмыстары жүргізілуде. Мұның ішінде 44 билборд пен 734 күнтізбенің шеберлердің қолынан өтіп үлгергені бұл істің барысы ойдағыдай екенін айқын айғақтайды.
Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларын қандай да бір болмасын әдістемелік материалдардың көмегінсіз өткізу еш мүмкін емес. Бұған нормативтік құжаттар да әзір. Оның он беске таяу түрі дайын, деді брифинг беруші. Сондай-ақ, сайлау кезіндегі үлкен жауапкершілік аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі учаскелік және округтік сайлау комиссияларының төрағаларына жүктелетіні белгілі. Егер олар сайлау өткізудің жәй-күйін терең зерделей алмаса, оның нәтижелі аяқталуы екіталай. Сондықтан да, облыстық сайлау комиссиясы олар үшін арнайы семинарлар ұйымдастырып, өткізді. Әрі әрқайсысының біліктілігі мен іс-шараларды ұйымдастыруға бейімділігін сынға салды.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына қатысатын үміткерлерге бөлінетін қаражаттың көлемін бекіткені белгілі. Соған сәйкес, өңірде үміткерлерге сайлау жарнамасын енгізуге арналған есепшоттар ашылды. Облыс бойынша ақпан айының 12-сіне дейін аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттарына 373 үміткер ұсынылды. Оның 80-і тіркеуден өткізілді.
Қазіргі қолда бар ақпараттар үміткерлердің 30 пайызы әйелдер екенін көрсетеді. Олардың арасында аймақтағы 8 этностың өкілдері бар. Мәслихаттар сайлауына мұғалім, механизатор, шаруа қожалығының жетекшісі, етікші, дәрігер, мәдениет қызметкері секілді сан түрлі мамандық иелері қамтылған, деп түйін жасады брифингте Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Батыс Қазақстан облысы.

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22