Елбасының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық қорытындысы шығарылды. Жиын барысында Мемлекет басшысы: «Көптеген елдер қиын жағдайда қалды және әлеуметтік кірістерін қысқартуға, жобаларын тоқтатуға мәжбүр болып отыр, нәтижесінде жұмыссыздық өсуде. Біз индустриялық нысандар салуды жалғастырып, жаңа нарықтарға жол ашып отырмыз. Дағдарысқа қарсы біздің экономикалық саясатымыз тек экономикалық өсімнің жаңа жолдарын іздеу мен табуға ғана бағытталып отырған жоқ. Менің тапсырмаларымның бәрінің түпкі мақсаты – қарапайым адамның мұң-мұқтажы, оның әл-ауқаты мен тұрмысының тұрақтылығы», деді.
Елбасының тікелей бастамасымен, аймақ басшысының қолдауымен іске асып, елдің игілігіне айналған бағдарламалар Қызылорда қаласында да өз нәтижесін беріп жатыр. Мысалы, шаһар соңғы жылдары үлкен құрылыс алаңына айналғанын мақтанышпен айта аламыз. Қала халқы үшін ең маңызды мәселелердің бірі тұрғын үй құрылысына тартылған инвестиция көлемі 21 миллиард 600 миллион теңгені құрады. Өткен жылы Қызылорда қаласы бойынша барлығы 190 мың шаршы метрді құрайтын 2 мың 684 пәтерлік 52 көпқабатты тұрғын үй салынды. Солайша, біз тұрғын үй кезегінде тұрған адамдардың 17 пайызын бір жылда баспанамен қамти алдық. Соңғы үш жылда облыс орталығын дамытуға 180 миллиард теңге қаржы бөлінді. Ондаған инвестициялық жобалар жасақталып, жүзеге асырылуда. Осы аралықта Қызылорда қаласы сол жағалауының бас жоспары жасақталып, шыны зауыты құрылысы жүргізілуде. Кейінгі үш жылда облыс орталығының ауыз су инфрақұрылымын дамытуға 10 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлініп, бүгінде шаһар халқы толықтай таза ауыз сумен қамтылып отыр. Тағы бір айта кетерлігі, қаланы газдандыру көрсеткіші 95 пайызға жетті. Соңғы үш жыл ішінде қаламызда 13 миллиард теңгеден астам қаржыға ұзындығы 300 шақырымға жуық жолдар орташа, күрделі және қайта жаңғыртудан өтті. Қызылорда қаласының бюджеті жылдан-жылға артып келеді. Негізгі капиталға салынған қаржы көлемі 127 миллиард 341 миллион теңгені құрап, облысқа салынған барлық инвестицияның 54 пайызын құрады. Экономикалық қиындықтарға қарамастан Қызылордада инфрақұрылымды жаңғырту, таза ауыз суға көшу, сол жағалаумен байланыстыратын көпірдің құрылысы секілді ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асуда.
Дағдарыс екі бүйірден қысып, әлемдегі қаржылық жағдай түрлі қиындықтармен бетпе-бет келіп жатқан мынандай кезеңде Қазақстан қарапайым халықтың тарықпауы үшін қолдан келген жұмыстың барлығын атқарып жатыр. Елбасы ұсынған «Ұлт Жоспары» ұлтты ұлы мұраттарға жетелеп, бес институттық реформа мемлекет дамуына тың серпін бермек. Осындай іргелі жұмыстардың арқасында Тәуелсіз еліміз дағдарыстың өзінен дамудың даңғылына түспек.
Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ,
Қызылорда қаласының әкімі.
ҚЫЗЫЛОРДА.

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22