Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында бүгінгі ел тынысы жан-жақты сараланды. Елбасы қазіргі алмағайып кезеңнің келбетін дөп басып, қоғамдағы көптеген көкейкесті мәселелерге тоқталды. Президенттің парасатты пайымдары әрдайым көңілімізден шығып келеді.
«Нұр Отан» партиясының XVII съезінде Елбасы Кеңес Одағындағы валютаның долларға шаққандағы қымбаттығы туралы жақсы айтқан еді. Үкімет отырысында да валюта тұрақтылығы банк басшыларымен бірге талқыға түсті. Мен кеңестік кезеңде ұзақ жылдар бойы партия қызметінде болдым. Шынында, тауарлардың қат болуы кеңестік экономиканың тұйықтығынан туған таныс жағдай еді. Бүгінде іздеген затыңызды табуға болады. Қазақстан нарықтық экономиканы сәтті еңсере білді. Еңбек етсеңіз, қалаған дүниеге қол жеткізесіз. Елбасының түйінді байламдары қазіргідей дағдарыс сәтінде еліміздегі игіліктерді бағалауға жетелейді. Мемлекетімізде халықтың әл-ауқатын жақсартуға, кәсіпкерлерді қолдауға негізделген саясат жүзеге асырылуда. Мәселен, Үкімет отырысында «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында тұрғын үй алаңын көбейту, инфрақұрылымдарды жаңарту сөз болды. Әлем елдері қиын жағдайда қалған кезеңде зейнетақының, әлеуметтік төлемдердің өсіп жатқанын білеміз. Мақаншы ауылдық округінде 1,5 мың зейнеткер тұрады. Барша отандастарымызбен бірге біздің ардагерлер де биылғы зейнетақы көлемінің көбеюін қуанышпен қабылдады.
Ауылдық мәдениет үйіндегі ардагерлер бөлмесінде зейнеткерлер бас қосып, әңгіме-дүкен құрып, дойбы, шахмат ойнайды. Жуырда жерлес кәсіпкер Совет Шөшеков 2 миллион теңге жеке қаржысына көпшілік жиналатын осы орынды қажетті заттармен жабдықтап берді. Жалпы, ауылдың қоғамдық өмірінде ардагерлердің алатын орны зор. Біз, тұрақтылық пен бейбіт тұрмыстың қадірін әр кез жас буынға айтып отырамыз. Үкімет отырысында көтерілген мәселелер де Қазақстанды қиындыққа қалдырмау жолындағы қажырлы қадамның бірі деп білеміз.
Жұмағазы ЖАҚАНБАЕВ,
Мақаншы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Шығыс Қазақстан облысы.

Аида Балаева: Креативті экономика тек шабыт пен идеяға ғана сүйеніп дами алмайды
Қоғам • Бүгін, 21:33
Елордада веломаусым ашылды: 700-ге жуық қатысушы «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты
Оқиға • Бүгін, 20:58
Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20