Әлемдегі қаржы дағдарысына байланысты оқиғаларды қарап отырып, біздің еліміздегі тыныштыққа, халықтың тұрмысының тұрақтылығына шүкіршілік етеміз. Бұған әрине, Елбасының дағдарысқа қарсы іс-шараларды ерте бастан қолға алып, Үкіметке нақты бағдарламамен жұмыс жасауды тапсыруының өзіндік септігі тиіп отырғаны даусыз. Бұл сәрсенбі күнгі Елбасы қатысқан жиналыста кезекті көрінісін тапты.
Өзім негізін қалаған «Дастан» шаруа қожалығы 2002 жылы құрылды. Содан бері Махамбет ауданында төрт түлікті өз төлінен көбейтіп қана қоймай, тұқымын да асылдандыру ісін қолға алдық. Әуелі Батыс Қазақстан облысында асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтан өзімізге қажетті малды сатып алғанбыз. Кейін оның тұқымын асылдандыруды да қат-қабат жүргізе бастадық. Қазір біздің шаруашылығымызда қой мен сиырдың асыл тұқымды тобы қалыптасты. Сонымен бірге, өңір тұрғындарына сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсыну үшін бақша және көкөніс дақылдарын өсірудің қыр-сырын меңгердік. Жаз бойы тамшылатып суару арқылы өсірілген қырыққабат, қауын мен қарбыз, қызанақ секілді өнімдерді тұтынушыға ұсынып келеміз. Рас, бұрын Махамбет ауданының Ақжайық ауылдық округі аумағында өсірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін Атырау қаласына дейін жеткізудің қиындығын көретін едік. Өйткені, Жайық өзенінің біздің округ орналасқан жағынан Атырау қаласына дейін қатынайтын күре жол бірнеше жыл бойы жөндеу көрмей, әбден ойдым-ойдым шұңқырға айналған-ды. Сол себептен өсірген өнімімізді Жайықтың келесі бетіне қалтылдаған қайықпен өткізіп, Орал – Атырау жолымен жеткізіп жүрдік. Бұл бізге үлкен қиындық тудырды. Біріншіден, Жайық өзені үстінен қайықпен өту қауіпті болса, екіншіден, біраз уақытымызды текке жоғалтушы едік. Соңғы жылдары Елбасының тапсырмасымен Индер – Атырау бағытындағы сол жолға күрделі жөндеу жүргізіліп, сол бір қиындықтан құтылдық.
Қазір шаруашылығымыздың тірлігі түзелді. Мемлекеттің тарапынан алатын субсидиямыз да бар. Енді қолға алған ісімізді кеңейтудің де жобасын іске асыруға кірістік. Сөйтіп, мал бордақылау кешенін тұрғызудың қамындамыз. Мұнда мал сойылады, мал еті өңделеді. Көкөніс және бақша өнімдерін сақтайтын қойманы да іске қосамыз. Бұл күндері біздің шаруашылығымызда өзім өсіп-өнген округімнен 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Олардың тұрмысын түзеуіне де қолдауымызды көрсеттік. Шаруашылығымыздың құрылғанына 10 жыл толуына орай үздіксіз 10 жыл жұмыс жасаған ауылдастарыма көлік сыйладық. Кейбіріне тұрғын үйлер салып бердік. Енді биылғы жылдың аяғына таман мал бордақылау кешені іске қосылғанда тағы да 50-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтуды көздеп отырмыз. Бұдан бөлек бізде әр жыл сайын көктем және жаз айларында көкөніс пен бақша дақылдарын өсіруге байланысты қосымша 30-ға жуық адамды науқандық жұмыстармен қамтимыз.
Біздің Ақжайық округінде де тұрмысы төмен отбасылары, зейнеткерлер тұрады. Оларға тұрмысына қажетті азық-түлікпен, кейбіріне жем-шөппен көмектесіп тұрамыз. Өйткені, біздің де кіндік қанымыз сол ауылда тамды, сол топырақта өстік. Сол округте шаруашылығымызды өркендетіп, табыс тауып отырмыз. Біз өзімізді сол ауылдың тұрғындарынан ешқашан бөлектеген жоқпыз. Өзімізде жұмыс істейтін адамдардың, жалпы, алдағы уақытта ауылдастарымыздың тұрмысы төмендемеуі үшін барлық мүмкіндікті қарастыра береміз. Бұл түптеп келгенде, елдің әлеуметтік ахуалын жақсартуға қосатын үлесіміз бола береді.
Қоныс ЕРМАНОВ,
«Дастан» шаруа қожалығының құрылтайшысы,
«Құрмет» орденінің иегері.
Атырау облысы.

Аида Балаева: Креативті экономика тек шабыт пен идеяға ғана сүйеніп дами алмайды
Қоғам • Бүгін, 21:33
Елордада веломаусым ашылды: 700-ге жуық қатысушы «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты
Оқиға • Бүгін, 20:58
Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20