Сәрсенбі күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы дәл қазіргі сындарлы шақтағы ел алдында тұрған маңызды міндеттерді саралап берді. Әсіресе, Елбасы 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары аясындағы басым бағыттағы міндеттердің бірі – қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етуге баса көңіл бөлді.
Дәл қазіргі қаржы дағдарысы кезінде Ұлттық банк ұстанған саясаттың елдегі жағдайды қадағалап отыруға, жедел шешімдер қабылдап, іс-әрекет етуге тигізер ықпалы зор. Бүгінгі күннің шындығына көз жүгіртер болсақ, жуан жіңішкеріп, жіңішке үзілгелі тұр. Осы арада жедел қимылдамасақ – опық жейтініміз анық. Сондықтан да, Мемлекет басшысының сыр бере бастаған салаларға қосымша қаражат бөлу жөнінде дер кезінде оң шешім қабылдады деп санаймын.
Жалпы, қазіргі тығырықтан алып шығар жолды нұсқайтын «Нұрлы Жол» және индустрияландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға арқа сүйеген абзал. Ал енді, мұнай бағасы арзандап, шикізатқа деген сұраныс төмендеген кезде алдыңғы қатарға агроөнеркәсіптік кешені шығып, Үкіметтің оған деген қолдауы бұрынғыдан да арта түскені жөн.
Әлбетте, жалғыз ғана ауыл шаруашылығымен ұшпаққа шықпасымыз белгілі. Бұл ретте шағын және орта бизнесті қолдау, экономиканы әртараптандыру ісі де өзінің маңыздылығын жоғалтпайды.
Елдің даму көрсеткішінің бірі – тұрғын үй құрылысының барысы екендігі сөзсіз. Бұл саланың өркен жаюы үшін «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша 360 млрд. теңге бөлу жөнінде тапсырма берілді. «Бұл жұмыстардың жауапкершілігі осы қызмет жүргізілетін өңірдің әкімдеріне тікелей жүктеледі. Баспана құны әлеуметтік сипатта болуға тиіс екендігіне айрықша назар аударғым келеді», деген Елбасы сөзі баспанаға зар болып жүрген әлеуметтің жүрегіне үміт отын жақты.
Мемлекет басшысы еліміздегі жұмыспен қамту сынды өзекті мәселеге де ерекше тоқталды. Рас, бүгінгі халыққа керегі тұрақты жұмыс, уақтылы еңбекақы. Тұрмыс тұрақтылығының кепілі де осылар. Қуанарлығы сол, біздің елімізде осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Қиыншылықтың өрши түскеніне қарамастан біздегі жұмыс орындарының сақталып, тіпті жаңа жұмыс орындарының пайда болып жатқаны осы сөзімізге дәлел. Дағдарыстың заманы Елбасының кезінде Ұлттық қорды құрып, елдің болашағына төнер қауіптерге ертеден қам жасаған көрегендігін растап отыр. Ұлттық қордан дер кезінде демеудің болғандығы, зейнетақы жүйесін және жалпы экономиканы реформалау, одан кейін теңгенің еркін бағамына көшу сынды шаруалардың жемісі ел тірлігі мен тыныштығының шайқалмауына игі әсерін тигізгені даусыз.
Иә, тұрмыс тұрақты болуы үшін бізге экономикалық әрекеттермен бірге сабыр, бірлік және білім ауадай қажет.
Жұмағали МАҒЗИЕВ,
Қарағанды қызмет көрсету және технология колледжінің директоры.
ҚАРАҒАНДЫ.

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22