Кеше «Назарбаев орталығында» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – мәдениет пен өнер саласындағы жас шығармашыл қызметкерлердің жетістіктеріне қолдау көрсету және бағалау, сондай-ақ, ғылым мен техника саласындағы жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерін тану болып табылады.
Елбасы Қоры 2008 жылдан бері тағайындап келе жатқан сыйлықты иелену үшін биылғы конкурсқа республиканың түкпір-түкпірінен 100-ден астам үміткер ұсынылған екен. Олардың ішінде: музыка, театр және бейнелеу өнері, кинематография, көркем әдебиет, журналистика, физика, математика, инженерлік, қоғамдық және гуманитарлық салалар бар. Конкурсқа келіп түскен жұмыстарды қарап, саралау жұмысын Жас ғалымдар кеңесінің және Қордың жанындағы Шығармашыл жастар кеңесінің мүшелері атқарған.
Сонымен, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар 21 лауреаттың қатарында кімдер бар дегенге келетін болсақ, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет әртісі Әлия Сапугова, «Астана Опера» театрының жетекші солисі Сүндет Байғожин, Композиторлар кеңесінің мүшесі Ғалымжан Секеев, Ботаника және фитоиндустрия институтынан биология ғылымдарының кандидаты Наталья Курбатова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің техникалық физика кафедрасының доценті Әсет Қайнарбай және басқа да дарынды адамдар бар.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше