Ауған соғысының ардагері Борис КЕРІМБАЕВ туралы «Қазақтың қара майоры», «Король Панджшера» атты қос кітаптың тұсаукесері өтті.
Алматыдағы Ұлттық кітапханада – танымал азамат туралы сыр тербеген қос кітаптың тұсауын кесу салтанатына еліміздің танымал азаматтары – Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова, ауған соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры Николай Кремениш, қоғам қайраткері-белгілі тіл жанашыры, ұлт патриоты Асылы Осман, Әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, палуан Дәулет Тұрлыханов, қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасының басшысы Мамай Ахетов, әскери ғылымдардың докторы, профессор Ким Серікбаев қатысты.
– Әскери-жауынгерлік ілімде «қара майор» атанған сайыпқыран сардар Борис Керімбаев та, осы қос кітапты жазып шыққан оның ауған соғысындағы әріптесі Бақытбек Смағұл да – еліміздің ерекше мінезді азаматтары саналады,– деді өз сөзінде полковник Ким Серікбаев. – Дарынды әскери қолбасшы туралы дарынды азамат жан дүниесімен сезімге беріліп жазған бұл шығармасы әскери саланың ардагері болғандықтан да маған сондай жақын. Екі кітаптың да алғысөзін өзім жаздым. Қан майданда қатардағы жауынгердің өмірінің қауіпсіздігі оның білікті командиріне байланысты. Кітапта әрбір солдаты үшін шырылдап кеудесін оққа төсеген батыл қолбасшының бейнесі әдемі ашылған. Тарихи әдебиеттің бүгінгі ұрпақты «Мәңілік Ел» ұлттық идеясы аясында әскери-патриоттық тәрбие беруге қосар үлесі өте зор болмақ.
Тұсаукесер мінберінен сөз алғандар бір кездегі тып-тыныш жатқан елдің талай-талай бейбіт тұрғындарының жүрегін жаралаған «ауған соғысының» зардабын еске түсірді. Қапшағайда жасақталған КСРО МББ Бас штабының №177 айрықша мақсаттағы отрядының сол кездегі командирі Борис Керімбаевтың Ауған-Панджшер аумағындағы көзсіз ерлігі туралы қилы-қилы қызықты да қасіретті естеліктер айтылды. Қашанда майдан адам шығынынсыз болған ба? Құрбан болғандардың аруағына Құран оқылды.
Жиынды жүргізген белгілі киноактер, қоғам қайраткері Орынбасар Тазабековтің 18 жасында әйгілі командирдің қоластына түсіп «ауған тажалынан» аман оралғаны – сардарының, «қара майордың», арқасы екені туралы айтқан сөзі көпшіліктің жанын тебірентті.
Салтанатты қауышуға Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектептің шәкірттері, ауған соғысына қатысушылар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бір топ ауғандық жауынгерлерге Б.Момышұлы атындағы арнайы төсбелгілер тапсырылды. Марапатталғандар ішінде республикалық «Балдырған» журналының бас редакторы, белгілі журналист-жазушы, ауған соғысының ардагері Дүйсен Мағлұмов, әлемге әйгілі палуан, ұлт мақтанышы Дәулет Тұрлыханов, танымал кинорежиссер Рүстем Әбдірашев және басқалары бар.
«Еш уақытта шен мен шекпенге таласпаған, парасат биігінен аспаған» «қазақтың қара майоры» Борис Төкенұлы конференция ұйымдастырушылары мен кітап авторы, майдандас бауыры, мемлекет және қоғам қайраткері Бақытбек Смағұлға алғысын білдірді.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.
–––––––––––
Суретті түсірген
Николай СУДАКОВ.

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22