13 Ақпан, 2016

Трансформация – тиімділікке бастайды

388 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2A1K1425w «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-тың құрастыру цехында өткен көшпелі отырыста «ҚТЖ» ҰК» АҚ бизнесті трансформация­лау және 2016 жылғы жоспары мен бұған дейінгі атқарылған шара­лар қорытындысы талқыланды. Компания президенті А.Мамин сөзінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ қордың қарамағындағы компаниялардың алғашқыларының қатарында, оның ауқымды, ресурстарды мол қажет ететін және жүйелі жоба екендігіне қарамастан, бизнесті трансфор­мация­лау бағдарламасын жүзеге асыруға кіріскендігін атап өтті. Қазіргі таңда бағдарламаның «Дайын­дық» және «Диагностика мен дизайн» кезеңдері жүзеге асырылды. Тұңғыш рет барлық үдерістерді тапсырыс беру­шілердің сұраныстары мен тиімділігін көтеруге лайықтап, пішімі өзгертілді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ стратегиялық даму ма­ңызының өзектілігі алдыңғы қатарға қойылды. Осындай ауқымды жұмыстар 20 мың үдерісті қамтиды. Маңызды жұмыс көр­сеткіштерінің құрылымдық тармағы жасалды. Компаниядағы ІІ жүйесінің мақсатты архитектурасы жасақталды. 2016 жылға арналған бизнесті трансформациялау мен «Жол картасын» жүзеге асыру туралы Жол картасы бағдарламасының ҚТЖ қызметін ұйымдастырудың маңызды шаралары талданды. «Қазақстан темір жолы» болашақта тиімді, шағын, көліктік-логистикалық компанияға айналуы тиіс. Осыған орай компанияға бірқатар міндеттер жүк­теліп отыр. Оның ішінде компания инфра­құрылымға ғана қызмет етіп қой­май, логистикалық қызмет көрсетіп табыс табуы керек, деп атап өтті А. Мамин. Компания басшысының айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ бизнесті трансформация­лау бағдарламасы компанияны дамыту стратегиясының маңызды бөлігі болып саналады. Ғаламдық көліктік-логистикалық нарықтағы жаңа міндеттерді игеру компанияда бизнесті трансформациялау жұ­мысын дәйекті, терең жүргізуді қажет ете­­ді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ жаңғыртылған миссиясына сәйкес, жоғары сапалы әрі тиімді көліктік-логистикалық холдинг негізгі бизнесті өсіру көзі ретінде транзиттік тасымалдау сегментіндегі рөлін айқындап отыр, деп атап өтті А.Мамин. Көшпелі сессия барысында ком­пания­ның транзиттік тасымалдауды арттыру жөнінде қабылдаған шаралары экономикалық өсімге жеткізгендігі айтылды. 2016 жылға арналған бизнесті транс­фор­мациялау мен «Жол картасын» жүзеге асыру туралы Жол картасы бағдарламасының демеушісі – ком­панияның корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры Еркін Жусанбаев толыққанды тоқталды. Биылғы жылы таратылып, қайтадан жаңа корпоративтік құрылымға кө­шу қарастырылып отыр. Осы қайта құ­­­рылымдау барысында 2016 жылы ком­паниядағы еншілес және қара­мағын­дағы компаниялар саны 97-ден 41-ге дейін қысқарады. ҚТЖ құрамында тек негізінен, тасымалдаумен айналысатын компаниялар қалады. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы бизнестің технологиялық платформасын түбегейлі өзгерту мақсатында жоспарлау жүйесін автоматтандыру және тасымалдауды ұйымдастыру, өндірістік активтерге және тапсырыс иелеріне қызмет көрсету мен мониторингілеудің бірқатар жобаларын жүзеге асыруда. Оның ішінде бизнес шешімдерді архи­тектуралық қадамдарға қатысты жоба мақсатымен ықпалдастыру мен басқа да шаралар атқарылды. Трансформация бағдарламасы синергиялық ресурстарды шоғырландыру мен тиімділігін барынша ұлғайтуды көз­дейді. Көшпелі сессияға қатысушыларға «Энер­­годиспетчерлік тартым», «Магис­траль», «Келісім және коммерциялық жұмыс» салаларын автоматтандырылған басқару жүйесі таныстырылды. Есеп беру соңында «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Ө.Шөкеев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың болашақта инфра­құрылымға қызмет көрсету, муль­тимодальдық және логистикалық шешім­дерді жүзеге асыратын, кірістілігін барынша көтеретін тиімді компания болуы қажеттігін атап өтті. «Егемен-ақпарат».