«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-тың құрастыру цехында өткен көшпелі отырыста «ҚТЖ» ҰК» АҚ бизнесті трансформациялау және 2016 жылғы жоспары мен бұған дейінгі атқарылған шаралар қорытындысы талқыланды. Компания президенті А.Мамин сөзінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ қордың қарамағындағы компаниялардың алғашқыларының қатарында, оның ауқымды, ресурстарды мол қажет ететін және жүйелі жоба екендігіне қарамастан, бизнесті трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыруға кіріскендігін атап өтті.
Қазіргі таңда бағдарламаның «Дайындық» және «Диагностика мен дизайн» кезеңдері жүзеге асырылды. Тұңғыш рет барлық үдерістерді тапсырыс берушілердің сұраныстары мен тиімділігін көтеруге лайықтап, пішімі өзгертілді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ стратегиялық даму маңызының өзектілігі алдыңғы қатарға қойылды. Осындай ауқымды жұмыстар 20 мың үдерісті қамтиды. Маңызды жұмыс көрсеткіштерінің құрылымдық тармағы жасалды. Компаниядағы ІІ жүйесінің мақсатты архитектурасы жасақталды.
2016 жылға арналған бизнесті трансформациялау мен «Жол картасын» жүзеге асыру туралы Жол картасы бағдарламасының ҚТЖ қызметін ұйымдастырудың маңызды шаралары талданды.
«Қазақстан темір жолы» болашақта тиімді, шағын, көліктік-логистикалық компанияға айналуы тиіс. Осыған орай компанияға бірқатар міндеттер жүктеліп отыр. Оның ішінде компания инфрақұрылымға ғана қызмет етіп қоймай, логистикалық қызмет көрсетіп табыс табуы керек, деп атап өтті А. Мамин.
Компания басшысының айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ бизнесті трансформациялау бағдарламасы компанияны дамыту стратегиясының маңызды бөлігі болып саналады. Ғаламдық көліктік-логистикалық нарықтағы жаңа міндеттерді игеру компанияда бизнесті трансформациялау жұмысын дәйекті, терең жүргізуді қажет етеді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ жаңғыртылған миссиясына сәйкес, жоғары сапалы әрі тиімді көліктік-логистикалық холдинг негізгі бизнесті өсіру көзі ретінде транзиттік тасымалдау сегментіндегі рөлін айқындап отыр, деп атап өтті А.Мамин.
Көшпелі сессия барысында компанияның транзиттік тасымалдауды арттыру жөнінде қабылдаған шаралары экономикалық өсімге жеткізгендігі айтылды.
2016 жылға арналған бизнесті трансформациялау мен «Жол картасын» жүзеге асыру туралы Жол картасы бағдарламасының демеушісі – компанияның корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры Еркін Жусанбаев толыққанды тоқталды.
Биылғы жылы таратылып, қайтадан жаңа корпоративтік құрылымға көшу қарастырылып отыр. Осы қайта құрылымдау барысында 2016 жылы компаниядағы еншілес және қарамағындағы компаниялар саны 97-ден 41-ге дейін қысқарады. ҚТЖ құрамында тек негізінен, тасымалдаумен айналысатын компаниялар қалады.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы бизнестің технологиялық платформасын түбегейлі өзгерту мақсатында жоспарлау жүйесін автоматтандыру және тасымалдауды ұйымдастыру, өндірістік активтерге және тапсырыс иелеріне қызмет көрсету мен мониторингілеудің бірқатар жобаларын жүзеге асыруда. Оның ішінде бизнес шешімдерді архитектуралық қадамдарға қатысты жоба мақсатымен ықпалдастыру мен басқа да шаралар атқарылды. Трансформация бағдарламасы синергиялық ресурстарды шоғырландыру мен тиімділігін барынша ұлғайтуды көздейді.
Көшпелі сессияға қатысушыларға «Энергодиспетчерлік тартым», «Магистраль», «Келісім және коммерциялық жұмыс» салаларын автоматтандырылған басқару жүйесі таныстырылды.
Есеп беру соңында «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Ө.Шөкеев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың болашақта инфрақұрылымға қызмет көрсету, мультимодальдық және логистикалық шешімдерді жүзеге асыратын, кірістілігін барынша көтеретін тиімді компания болуы қажеттігін атап өтті.
«Егемен-ақпарат».