13 Ақпан, 2016

Әлем-жәлем әлем

321 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
12-02-16-sosna Жер бетіндегі ең биік қарағай –Эстонияда Эстонияның Пыльвама жеріндегі Вериорас уезінде әлемдегі ең биік қарағай өсіп тұр. Жақында кездейсоқ белгілі болып қалған бұл дарақтың биіктігі 46,6 метрге барады. Ал тіршілік етіп келе жатқанына 214 жыл болыпты. Мұның бәріне елдегі ең биік ағаштардың жайын зерттеп жүрген энтузиаст Хендрик Рельвенің халықаралық биік ағаштар базасына кезекті суретті салғаны әсер етіпті.   Француз қаласын теңіздің көбігі басып қалды Француздың Бретани жақ жағалаудағы Пенмарш атты қалашығы көшелерін теңіздің аппақ қалың көбігі бір демде басты да қалды. Бұған Еуропаны жайлап бара жатқан «Имоджен» дауылының осы тұсқа келгенде, қатты көтеріліп кеткені себеп болыпты. Көбіктің құрамында балдырлар, теңіз тұзы және басқа да түрлі қалдықтар бар. Жұрт оның иісіне бір күннен кейін ғана үйрене бастаған.   Новороссийскідегі үйлену тойына БҰН (НЛО) да «қатысты» Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Новороссийск қаласында өтіп жатқан үйлену тойы кезінде жұртшылық жақын маңға келіп қонған белгісіз ұшатын нысанды көріп, дүрлігіп кетті. Рас, той бұдан 10 жыл бұрын өткен екен. Бірақ сол кезде түсірілген бейне таспаны енді ғана таратудың орайы келіпті. Онда белгісіз бір ұшатын аппараттың той өтіп жатқан жерге келіп қонғаны анық байқалады. Ал тойдағылар сонда қарай баруға бата алмапты. Дегенмен, зерттеушілер осының өзі бағалы материал болып табылатынын айтып отыр.   12-02-16-dron Жұмыртқа тектес, жиналмалы  дрон жасап шығарылды Бейжіңнің Powervision Robot компаниясы ішінде бейнекамерасы бар, жұмыртқа тектес, жинамалы дрон ойлап тапты. Құрылғыны жасаушылар атап өт­кендей, ол өзінің квадрокоптері салма­ғының барынша аздығынан жақсы ұша алады. Оның 4K пішіміндегі камерасы айналмалы панорама бойынша түсіруге қабілетті. Ол сондай-ақ, нақтылы белгіленген уақытқа қарай түсіру бағытын өзгертіп, контентті трансляция жасай алады. Жаңа аппарат биылғы жылдың екінші жартысында саудаға түседі.   Физиктер гравитациялық толқынның болатынына көз жеткізді Бұдан бірер күн бұрын 100 жылдан бері күтіп келе жатқан сенсациялық оқиға тіркелді. Физиктер табиғатта гравитациялық толқынның болатынын ақыры дәлелдеп шықты. Бұл бұдан бір ғасыр бұрын атақты Альберт Эйнштейн болжап кеткен ғылыми жаңалық еді. Оның көзінің тірісінде ашып бере алмай кеткен бұл оқиғаның кездесетінін физиктер қаншама рет дәлелдеуге талпынғанымен, оған тікелей айғақтар таппай келген. Америкалық ғалымдар әйгілі оқымыстының ғарыштағы екі қара тесіктің соқтығысуы нәтижесінде пайда болады деп болжаған гравитациялық толқындарды ашты. 12-02-16-poezd Монреальда метро пойызы резеңке доңғалақтарға көшті Канаданың Монреаль қаласындағы метрода пойыздардың жаңа модельдері жүре бастады. Оның бұрынғылардан басты айыр­машылығы, доңғалақтары түгелдей резеңкелі болып келеді. Сол сияқты вагондар арасындағы өткелектер адамдардың сыйымдылығын тағы 10 пайызға арттыра түседі. Ол осы аумақтарға қолайлы топса орнатып, шалқаймалы орындықтар қойылудың есебінен жасалған. Мұндай вагондарда шу да әдеттегіден әлдеқайда аз болады.   Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде дайындалды.