АСТАНА. 13 ақпан. Facebook әлеуметтік желісінің басшылығы терроризммен күресті күшейтуге бел буды. Енді желіде лаңкестікке қатысты материал таратушылар қатаң бақылауға алынып, олардың жолын кесілмек. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
The Wall Street Journal басылымының мәлімдеуінше, АҚШ билігі Facebook-ке «қысым көрсетіп», соған орай желі қызметкерлері қолданушы жазбаларының экстремизмге қатысы бар-жоғын белсене тексеруді қолға алды.
Осыған қатысты басылым бетіне жарияланған мақалада: «Әлемдегі ірі әлеуметтік желі лаңкестік топтарға қолдау білдірген қолданушылардың парақшаларын бұрынғыдан жылдамырақ бұғаттай бастады. Сондай-ақ, олардың достарына жазған хаттары да тексеріледі. Тіпті терроризмге байланысты жазбалармен айналысатын арнайы топ құрылды», – делінген.
Facebook әлеуметтік желісінің негізін 2004 жылдың 4 ақпанында Марк Цукерберг қалады. Бүгінде желіні әлем бойынша айына 1,5 млрд. адам қолданады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: ТАСС.
Сурет: AP Photo.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше