АСТАНА. 13 ақпан. Нигерияның солтүстік-шығысында орналасқан екі елді-мекенде лаңкестер шабуыл жасап, 30 адам қаза тапты. Бұл туралы ria.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Содырлар тобы Якхари және Качифа елді-мекендеріне басып кіріп, шабуыл жасаған. Бұл жолғы қанды әрекетке барған тағы да «Боко Харам» лаңкестері екені анықталды.
«Лаңкестердің әрекетінен 30 адам мерт болды. Олар сондай-ақ, ауыл үйлерін тонап, малдарын айдап әкеткен», – деді жергілікті тәртіп сақшылары.
Айта кетейік, аталған топтың әрекеттерінен 2009 жылдан бері барлығы 20 мыңға жуық адам қаза тауып, ондаған мың тұрғын түрлі жарақат алған. Олар көбіне Нигерияның солтүстік бөлігінде, Камерун және Чад елдерінде террорлық шабуыл жасайды.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: ria.ru.
• 13 Ақпан, 2016
Нигерияда лаңкестердің әрекетінен 30 адам қаза тапты

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше