АҚТӨБЕ. 15 ақпан. Ақтөбе облыстық балалар клиникалық ауруханасында Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының мамандары балалар кардиохирургиясы бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, туабітті жүрек ақауы бар алты айлық Айзере Сұлтанғалиға ота жасады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы балалар кардиохирургия бөлiмiнiң меңгерушiсi Дмитрий Горбуновтың айтуынша, сапардың мақсаты – облыстық балалар клиникалық ауруханасының жұмысымен, жетістіктерімен танысу, тәжірибе алмасу, сондай-ақ, шеберлік сабақтарын өткізу барысында жүрекке күрделі оталар жасау. Сондай-ақ, ол қазір балалар арасында мұндай аурудың түрлері көбейіп бара жатқанын, елімізде мың баланың жеті-сегізіне жүрек ақауының ауыр және жеңіл түрлеріне ота жасалатынын айтты.
Ақтөбе облысында ғана жылына 20 мыңға жуық сәби дүниеге келсе, оның 140-160-сы осы ауруға шалдығады екен. Маманның сөзіне қарағанда, туабітті жүрек ақауының жеңіл және ауыр түрі болады. Өткен жылдан бері ақтөбелік мамандар ақаудың екі түріне де ота жасай бастапты. Алайда, көбіне туабітті және күрделі жүрек ақауы бар науқастар Астанадағы орталыққа жіберілетін көрінеді.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 15 Ақпан, 2016
Ақтөбеде алты айлық нәрестенің жүрегіне ота жасалды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше