АСТАНА. 15 ақпан. Норвегияның Лиллехаммер қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ІІ қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті. Оны биатлоннан Арина Пантова еншіледі. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайты Olympic.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Алты шақырымдық спринттік жарыста сынға түскен Арина неміс қызы Джулиана Фруевирт пен норвег Марта Кракштад Йохансенге есе жіберді. Германиялық спортшы мәреге 18 минут 23,5 секунд уақытта келсе, норвегиялық одан 5,6 секундқа қалып қойды. Ал отандасымыз мәреге жеңімпаздан 17,1 секундқа кешігіп жетті. Осы ретте, Йохансенде – бір, ал Пантовада екі айып айналымы болғанын атап өткен жөн.
Осы сайыста бақ сынаған тағы бір қазақстандық Евгения Красикова 15-орыннан көрінді. Ал спринттік жарыстың ерлер бәсекесінде жерлесіміз Иван Дарин 26-орынды місе тұтты.
Еламан Қоңыр.
Дерек: olympic.kz.
Сурет: lillehammer2016.com.
• 15 Ақпан, 2016
Жасөспірімдер Олимпиадасы. Қоржынға алғашқы медаль түсті

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше