ТАРАЗ. 15 ақпан. Жамбыл аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері он екі қылмыс жасаған күдіктілерді қолға түсірді. Бұл туралы Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жыл басынан бері Жамбыл аудандық ІІБ-на белгісіз біреулердің «Қазақтелеком» АҚ орнатқан телефон кабельдерін қиып, қолды қылғандары туралы шағым түскен болатын. Ірі көлемде материалдық шығын келтірген күдікті тұлғаларды құрықтау үшін Жамбыл АІІБ-нің тәжірибелі қызметкерлері қатарынан жылжымалы топ құрылып, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде орын алған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 21-23 жастағы үш азаматты қолға түсірді.
Күдікті тұлғалар қаңтар айының алтысында сөз байласу арқылы қылмыстық ойларын Түрксиб ауылынан бастап, соңғы қылмысын ақпан айының үшінде жасаған. Олар көше бойындағы бағаналарда орнатылған «Қазақтелеком» АҚ телефон кабельдерін қиып, алып кетіп отырыпты. Пайданың оңай жолын олжа қылған, сезікті тұлғалар қылмыстарын кәсіпке айналдырған сыңайлы, бір ауылдың өзінде бірнеше рет арам ойын жүзеге асырған. Бүгінгі күні ұсталған тұлғалар өз кінәларын толық мойындады.
Қазіргі таңда күдіктілер басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріліп, келтірілген шығын көлемі анықталуда.
Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 187–бабының 1-бөлімі, 188-бабының 2-бөлімі 2,3-тармақтарымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 15 Ақпан, 2016
Жамбыл облысында кабель ұрлаған күдіктілер ұсталды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше