АСТАНА. 15 ақпан. Британиялық кино және телеөнер академиясы өткізген салтанатты кеште Леонардо Ди Каприо сомдаған «Итжеккен» (The Revenant) фильмі үздік деп танылды. Бұл туралы ria.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Салтанатты кешті опера және балет театрында актер әрі шоумен Стивен Фрай жүргізді. «Итжеккен» фильмі үшін берілген сыйлықты басты рөлде ойнаған Леонардо Ди Каприо және фильмнің режиссері Алехандро Гонсалес Иньярриту алды.
2015 жылдың қорытындысы бойынша, үздіктер қатарына «Кэрол» (Carol), «Шпиондық көпір» (Bridge of spies), «Көпшілік назарында» (Spotlight) және «Құлдырау үшін» (The big short) фильмдері кірді.
Үздік актриса атағын «Бөлме» (Room) фильміндегі рөлі үшін Бри Ларсон алды. Ал екінші пландағы үздік актриса сыйлығын «Стив Джобс» фильміне байланысты Кейт Уинслет иеленді.
Екінші пландағы үздік актер номинациясын «Шпиондық көпір» фильмінде ойнаған Марк Райлэнс жеңіп алды.
Ал үздік деректі фильм сыйлығы әнші Эми Уайнхаустың өмірі жайлы түсірілген «Эми» туындысына берілді.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: ria.ru.
• 15 Ақпан, 2016
Леонардо Ди Каприо сомдаған фильм үздік деп танылды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше