15 Ақпан, 2016

Алматыда Бигелді Ғабдуллин студенттермен кездесу өткізді (фото)

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? АЛМАТЫ. 15 ақпан. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында жазушы Адольф Арцишевскийдің «Бигелді Ғабдуллин: Тәубеге құқылық» атты кітабының екінші басылымы оқырмандармен таныстырылды. Деректі роман-эссе «Ұлы қоныс» кітабының авторы, публицист Бигелді Ғабдуллиннің өмір жолына арналған. Бұл туралы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Белгілі қаламгер Бигелді Ғабдуллин қазір Central Asia Monitor  атты республикалық газеттің бас редакторы әрі шығарушысы. Кездесу барысында кітап авторы Адольф Арцишевский замандасының өмірдегі еркіндігі мен  шығармашылық ұмтылыс-талаптары жайында әңгімелеп берді. Сондай-ақ, студенттер мен кеш қонақтарының сұрақтарына жауап берді. «Автордың архив беттерін талмай зерттегені көрініп-ақ тұр. Кітап сырлы сезімге толы. Автордың өзіндік ерекшелігі кітаптың тілдік жеңілдігімен, энциклопедиялық нақтылығымен сипатталады», – деді филология ғылымдарының докторы, профессор Аслан Жақсылықов. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз қызметі. 15-02-2016 gabdullin 2 ????????????????????????????????????