ҚАРАҒАНДЫ. 15 ақпан. Қарағандыда ақша бопсалау мақсатында адам ұрлады деген айып тағылған күдіктілер қолға түсті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Күдіктілер 18 жастағы қала тұрғынын кепілге алып, оның ағасынан 350 мың теңге көлемінде ақша алған. Бұл оқиғадан хабардар болған полиция қызметкерлері жедел жоспар құрып, соның нәтижесінде «Мицубиси» автокөлігіндегі екі күдіктіні ұстады. Тінту барысында көліктің ішінен 12 колибрлі аңшы мылтығы мен жеті оқ, бейсбол таяғы, пышақ және ақша табылды.
Екі күдіктінің сыбайластарын табу мақсатында тәртіп сақшылары олар тұрып жатқан пәтерге тінту жүргізді. Нәтижесінде ол жерден тағы да екі күдікті мен кепілге алынған жас жігіт табылды.
Олар уақытша қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек: Қарағанды облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: lenta.ru.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше