ТАРАЗ. 15 ақпан. Сарысу ауданында апатқа ұшыраған жандарға ешқандай көмек көрсетпеген екі полиция қызметкері жазаға тартылды. Бұл туралы en.kz тілшісі хабарлады.
2015 жылдың жаз айында Саудакент ауылы маңында екі учаскелік инспектор «Лада Гранта» көлігін тоқтатқан. Бірақ көлік иесі полицияның талабына бағынбай, қаша жөнеліпті. Жүргізушінің қасында бір жолаушы болған. Соның кесірінен полициядан қашқан көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай, аударылып, апатқа ұшыраған. Ал, полиция қызметкерлері ешқандай медициналық көмек көрсетпестен зардап шегушілерді оқиға орнына тастап кетіпті.
Апат салдарынан көліктегі жолаушы есін жимастан Сарысу аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды. Ал, көлік жүргізушісінің миы шайқалған. Сот екі полиция қызметкерін де шендерінен айырып, пробациялық бақылау мерзімімен екі жылға бас бостандығынан айыруға жаза кесті.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 15 Ақпан, 2016
Жамбыл облысында көмек көрсетпеген полицейлер жазаға тартылды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше