15 Ақпан, 2016

Таразда мемлекеттік қызметшінің жұмысына арналған семинар өтті

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15.02.2016 TAR-2 ТАРАЗ. 15 ақпан. Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті «Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі және мемлекеттік қызметшінің жаңаша келбеті» тақырыбында семинар өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Семинардың негізгі мақсаты әлемнің дамыған отыз елдерінің қатарына қосылуды міндеттеген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру болып табылады. Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Б. Исақов мемлекеттік қызмет жүйесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басым бағыттары мен жаңалықтары туралы баяндай келе жаңадан құрылған Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жаңа жұмыс бағыттарына тоқталып өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысындағы басты құралы болып табылатын жаңа Әдеп жөніндегі кодексі бөлек тақырыпта талқыланды.  Бұл құжат мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетіне ғана емес олардың өзін өзі ұстау мәнерінің базалық стандарттарын бекітеді. Б.Исақов мемлекеттік қызметшілер жұмысында қарапайымдылық, әділдік, адалдық, сатылмаушылық сияқты принциптерді ұстану керектігін атап өтті. Іс-шараға қатысушылар мемлекеттік қызмет саласындағы реформаларға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелеріне қатысты сұрақтарды талқылап, оны іске асыру жөнінде өз ойларымен бөлісті. Мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі мен сыбайлас жемқорлықты еңсеру – бірін бірі толықтыратын фактор болып табылады. Сондықтан мемлекеттік органдардың осы бағытта жүйелі түрде жұмыс істеуі бүгінгі күннің талабы болмақ. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz 15.02.2016 TAR-3