15 Ақпан, 2016

Алматыда Әбілхан Қастеев кітабының тұсаукесері өтеді

783 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15-02-2016 kasteev 1АЛМАТЫ. 15 ақпан. Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы мен Әбілхан Қастеевтің мұражай-үйі «Әбілхан Қастеев. Ою-өрнектер орнаменты» атты альбом-кітабының тұсаукесерін 17 ақпан күні өткізеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Альбом-кітапта Қазақстанның халық суретшісі, Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлығының иегері Әбілхан Қастеевтің қолынан шыққан авторлық ою-өрнектерінің отбасылық мұрағатта сақталып қалған үлгілері көрініс тапқан. Суретшінің қыздары Гүлдәрия мен Гүлнәзия мол мұраның ішіндегі осынау бір өзгеше өнер туындыларын сақтай келе, көпшілік қауымның игілігіне айналдыру үшін талаптанған. Кітап «Атамұра» корпорациясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен 2015 жылдың соңында «Атамұра» баспасынан жарық көрді. Альбом-кітаптың алғысөзін жазған Гүлнәзия Әбілханқызы Қастеева. Тұсаукесерге өнертанушылар, суретшілер, қолөнер шеберлері, журналистер, өнер оқу орындарының ұстаздары мен шәкірттері шақырылады деп күтілуде. Айнаш Есали. Дерек, сурет: egemen.kz. 15-02-2016 kasteev 2