15 Ақпан, 2016

Қызылорданың жеңіл атлеттері Өскеменнен жүлделі оралды

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15.02.2016 AST-10 ҚЫЗЫЛОРДА. 15 ақпан. Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан 1999-2000 жылдары туған жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында Қызылорда облысының №4 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары жақсы өнер көрсетті. Бұл туралы облыстық спорт және денешынықтыру басқармасына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Нәтижесінде, Светлана Саунина 3000 метр қашықтыққа және 2000 метр кедергілер арқылы жүгіруден бірінші болып келді. Бекболат Мүслімов 2000 метр және Азамат Құлдас 800 метр кедергілер арқылы жүгіруден қола жүлдені еншіледі. Осы жарыстан кейін Өскеменде жеңіл атлетикадан 1997-1998 жылдары туылған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыста қармақшылық Рахымжан Келманов 2000 метр кедергілер арқылы  жүгіруден жеңімпаз атанса, 3000 метр қашықтыққа жүгіруден 3-орынды иеленді. Ал қызылордалық Анастасия Щадыло 800 метр жүгіруден күміс жүлдені иеленді. Спортшыларды жарысқа Владимир Лептиков, Наталья Лептикова, Руслан Омаров, Мұрат Кетебаев,Ирина Юнгкинд және Рашида Сарбасовалар дайындады. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: Қызылорда облыстық спорт және денешынықтыру басқармасы. 15.02.2016 AST-11