АСТАНА. 15 ақпан. Анголада австралиялық компания салмағы 404,2 карат болатын алмаз тас өндіріп шығарды. Бұл туралы ria.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Lucapa Diamond Company бағалы тасты Солтүстік Лунда провинциясынан өндіріп шығарды. Бұл алмаз Анголада табылған асыл тастардың ішіндегі ең ауыры болып есептеледі. Осыған дейін аталған маңайдан салмағы 100 караттан асатын үш алмаз өндіріп алынған.
Компания басшысы Майлз Кеннеди бұрын-соңды мұндай үлкен тасты сатып көрмегендіктен нақты құнын біле алмай отырғандығын мәлімдеді. Алайда, осыған дейін салмағы бұл тастан аздап жеңілдеу алмаздар 14 миллион АҚШ долларына сатылғандығын айтты.
Айта кетейік, әлемдегі ең үлкен алмаз тас 1905 жылы Оңтүстік Африка Республикасындағы Premier Mine кенішінде табылды. Салмағы 3 мың 106 каратты (621 грамм) құраса, көлемі 100х65х50 мм болады. Бұл кен орнының иесі Томас Куллинанның құрметіне әйгілі тасқа «Куллинан» деген атау берілді. Сондай-ақ, «Африка жұлдызы» деген есіммен де белгілі.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: ria.ru.
• 15 Ақпан, 2016
Анголада салмағы 404,2 карат болатын алмаз табылды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше