Биылғы жылдың 13 ақпанында Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес (СБРҚК) мүшелері Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) сайлауалды штабында болып, аталған штабтың өкілдерімен кездесті.
Кездесу шеңберінде СБРҚК төрағасы Нұрлан Ерімбетов пен ЖСДП өкілі Серікбай Әлібаев және Асхат Рахымжанов сайлау үдерістерінің барлық кезеңінде барынша ашықтық пен мөлдірлікті қамтамасыз ету, сайлауда сайлаушылар мен кандидаттардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелері бойынша пікір алмасып, сайлау науқаны кезінде СБРҚК-ның байқаушылары мен ЖСДП-ның сайлауалды штабының өзара іс-қимылын үйлестіру тетіктері туралы ортақ ұстанымға келді.
СБРҚК төрағасы Нұрлан Ерімбетов кездесуге қатысушыларға комиссияның қызметі мен міндеттері туралы әңгімелеп берді:
– Біздің комиссия осы кезге дейін өткен барлық сайлау науқандарына белсенді қатысып, үлкен тәжірибе жинақтады. Біздің міндетіміз – сайлау үдерістерінің барлық кезеңдеріне жан-жақты мониторинг жүргізу. Оған үгіт материалдарын жинау мен талдау, сайлаудың еліміздің сайлау заңнамасы мен халықаралық құқық нормаларының барлық талаптарына сәйкес жүргізілуін байқау кіреді. Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің қызметі, өзге де байқау миссиялары секілді, электоралды үдеріске, халықтың саяси-құқықтық мәдениетінің жоғарылауына оң ықпал етеді. СБРҚК-ның қазіргі құрамында елімізге белгілі және құрметті адамдар: құқықтанушы-заңгерлер, тәуелсіз БАҚ-тар мен ҮЕҰ-лардың, шығармашыл интеллигенцияның өкілдері, қоғам қайраткерлері бар, – деді Н.Ерімбетов.
Өз кезегінде ЖСДП өкілі Серікбай Әлібаев СБРҚК өкілдеріне өзінің ризашылығын білдіре келіп, қоғамдық байқау тетігінің үлкен маңызға ие екенін атап көрсетті:
– Сіздер сайлауды байқау бойынша жауапты миссияны жүзеге асырасыздар. Сайлауалды науқан барысында СБРҚК сияқты қоғамдық құрылымның жұмыс істегені өте маңызды. Біздің партия СБРҚК-мен ынтымақтастыққа дайын. Тек бірлесіп атқарған жұмыстар мен сындарлы өзара іс-қимыл ғана сайлау науқанының мөлдірлігін, әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге қауқарлы, – деді С.Әлібаев.
Сәулебек БІРЖАН.

Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40