Құрлық ауылының тұрғыны Нұрлыбек Бейсенов вахталық әдіспен жұмыс істейді. Яғни, бір ай бойы жұмыста болса, бір ай демалады. Осыдан бір айдан астам уақыт бұрын Нұрлыбек кезекті вахтаға аттанғанда оның қорасындағы бұрын екі-үш мәрте бұзаулаған сиыры тағы да төлдейді.
Осы бізді біреулер «аңғал қазақ» десе кәдімгідей ренжитініміз бар. Сол аңғалдық бұл жолы да қайталанды. Үйіне келген соң Нұрекең туған сиырдың жанында ойнақтап жүрген бұзаудың алдыңғы бір аяғының жоқ екенін көргенде айра-жайра күй кешеді. Отбасы мүшелері де бұны қалай байқамаған? Көрші-қолаң да аң-таң. Осылайша: «мен де аң-таң, апам да аң-таңның» жалғасы біраз жерге барыпты. Бұл бүкіл ауылға «сенсациялық» жаңалық болды.
Қазір Нұрлыбектің сиыры кезекті мәрте дүниеге әкелген үш аяқты бұзауын мейірлене жалап, еркелетеді екен. Ал үш аяқты бұзау алдыңғы бір аяғына салмақ түсе ме, кейде моп-момақан болып, бір орнында демалып тұратынға ұқсайды. Құрлық ауылының үш аяқты бұзауын тамашалаушылар жүдә көп...
Ахметжан БЕРДІҚҰЛ.
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Сайрам ауданы.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше