16 Ақпан, 2016

Қаршадай ғана қаһарман

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
бауырларын «тілсіз жаудан» құтқарып, ерлік танытты 16-02-2016-Өрт дегеніңіз тілсіз жау ғой. Аяқ астынан тұ­танып, айналасын шарпып, тілі тиген жерді күлге айналдырады. Бұрнағы күні Қызылорда қаласында жалын шарпыған кезде жеке сектордағы тұрғын үй де отқа оранған. Ол кезде үйде бірнеше бала болған. Ал үлкендері жұмыста жүрген еді. Өрт күндізгі сағат 12:05-те басталған. Барлығы 64 шаршы метр жерді жалын шалған. Өрт сөндірушілер отты 13:25 сағатта ауыздықтаған. Үйдің іші көк түтінге оранғанда онда 1 жастағы және екіден енді асқан сәби, сонымен қатар 5 және 12 жастағы балалар ғана болған. Балалар түтінге тұншығып, уланып қалған. Олар қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр. Ал бауырларын ажалдан арашалап қалған – 11 жастағы Аружан Бисенбаева. Ол сын сағатында еш саспай, отқа оранып жатқан үйден бауырларын далаға алып шыққан. Сөйтіп жүріп, өзі де уланып қалған. Аружан да қазір бауырларымен бірге ауруханада жатыр. Жас жеткіншектердің көрер жарығы бар екен. Аружан болмағанда, жағдай әлдеқандай болып кетер ме еді? Қаршадай ғана қаһарман қыз үлкен ерлік жасады. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан». ҚЫЗЫЛОРДА.