Кеше Қайырбек Сүлейменовтің жетекшілік етуімен «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің ағымдағы жылғы алғашқы отырысы өтті. Онда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2015 жылғы іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелері талқыланды.
Алқалы жиында негізгі баяндамашыдан бөлек Білім және ғылым мен Мәдениет және спорт министрліктерінің, партияға қарасты ұйымдар мен «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері сөз алып, тақырыпқа қатысты мәселелер төңірегінде ой өрбітті. Сондай-ақ, жемқорлықтың алдын алудағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың белсенділігі, жастар ұйымдарымен тәрбиелік жұмыстардың жүргізілу қарқыны да айтылды. Халықтың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға қатысты қолға алынған шараларға тиісті бағалар берілді. Отырыста «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің алдына жемқорлықтың алдын алу үрдісіне дендей қарау, бастауыш партия ұйымы, қоғамдық құрылымдар мен партияның барлық деңгейіндегі бөлімдер қызметін нығайту мәселелері күн тәртібіне шығарылды. Оған қоса, жемқорлыққа қарсы жаңа заң қабылдаудың маңыздылығына, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын тиімді түрде іске асыруға, мемлекеттік органдар жанынан қоғамдық кеңестер құруға, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатына қатысты тапсырмаларын жүзеге асыруға баса мән берілді.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
журналист.

Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • Бүгін, 21:33
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • Бүгін, 20:50
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36