16 Ақпан, 2016

Заманға сай жоба

226 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Ұлттық музейҰлттық музейде режиссерлер мен операторлар арасында өткен «Назар салыңыздар! Ұлттық музей!» («Attention! National museum!») байқауының жеңімпаздарын марапаттау кеші өтті. Жиын басында сөз алған Ұлттық му­зейдің директоры Дархан Мыңбай: «Ұлттың құнды жәдігерлері қазіргі жаңа технология көмегімен халық назарына жиі ұсынылып отырғанда ғана біз мәде­ниетіміздің бағасын арттырып, оған деген қоғамның қызығушылығын тудыра аламыз. Ұлттық музей бұған дейін де бір­неше байқаулар мен жобаларды жүзеге асырған болатын. Оның барлығының негізінде ұлт мәдениеті мен тарихына деген құрмет жатыр», – деп байқауға атсалысқан барлық қатысушыларға алғыс білдірді. Қазақстан Азаматтық Альянсының пре­зи­денті Нұрлан Ерімбетов: «Біз студент кезімізде, оқушы шағымызда музейге көп бара­тынбыз. Қандай көрме көргенімізді, қандай құнды жәдігерлер жайлы ақпарат алғанымыз жөнінде бір-бірімізге мақтанышпен айтатынбыз. Ал қазіргі Ұлттық музей еліміздің үлкен бір рухани ордасына айналып отыр. Мұнда келушілер көрмелерді ғана көріп қайтпайды, осындай іс-шараларға да өте көп қатысады. Бұл жер – қарттардың да, жастардың да басын қосып, жан-жақты жұмыс істейтін заманауи мекеме», – дей келе, музей жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, «Серпін-2050» әлеу­меттік жобасының төрағасы Мұрат Әбенов: «Қазіргі біздің рухани-мәдени өмірімізде, жастар тәрбиесі саласында Ұлттық музейдің алатын орны ерекше. Мұнда көптеген жаңа бағыттағы шара­лардың өткізіліп тұратынынан хабардармын. Бірнеше іс-шараларға да қатысып үлгердім. Қай кез болсын, зал жастарға лық толы болады. Соған шын қуаныштымын. Меніңше, бұл музейдің заман талабына сай жұмыс істеп отырғанының бір белгісі», – деді. Өткен жылдың қазан айынан бастап жүр­гізілген байқауға елімізге танымал кинорежиссерлер, музей ісінің білгірлері, кинотанушы және мәдениеттанушы мамандар қатысып, төрелік жасады. Байқаудың қорытындысы бойынша, 1-орын – «Ең үздік режиссерлік жұмыс» - Батыржан Ибрагимов,   Жақсылық Қырықбаев, Асылхан Нұрмағамбетов (500 000 теңге); 2-орын – «Үздік режиссерлік жұмыс» – Бекжан Алмас (250 000 теңге); 3-орын – «Үздік режиссерлік жұмыс» – «ALATAU production» (100 000 теңге), ал жекелеген номинациялар бойынша «Үздік операторлық жұмыс» – Ілияс Асанов және Бақтияр Сәрсенбиев (50 000 теңге); «Креативті жұмыс» – Айнұр Сағындық, Мәжи Жағи, Алпыс Нұрболат (50 000 теңге); «Үздік идея» жүлдесі Назбек Есмағұлов (50 000 теңге) еншісіне тиді. Дархан Мыңбай: «Үздіктерді анықтау төрешілер үшін де оңайға соққан жоқ. Десе де, бай­қауға қатысушы әрбір үміткер өз ең­бек­терін­де ұлттық жәдігерлерді барынша жан-жақты насихаттауға тырысқаны көрініп тұрды. Ұлттық музей режиссерлер арасындағы бай­қауды тұңғыш рет ұйымдастырып отыр. Мұн­дай жобалар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады», – дей келе жүлдегерлерді құт­­тық­тап, шығармашылық табыстар тіледі. Аталған шараға Шахаризат Сейдахмет, аға­йын­ды Жүгінісовтер қатысып, әсем әннен шашу