Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Министрмен өткен кездесуге КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік республикалық корей комедия театрының директоры Любовь Ни, көрнекті жазушы Смағұл Елубай, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Әлібек Асқар, сондай-ақ, театр, әдебиет, музыка және кинематография саласының, бейнелеу және қолөнер, тарих пен археология салаларының танымал тұлғалары қатысты.
Келелі кеңестің басты тақырыптарының бірі Елбасы белгілеген 5 институттық реформаны іске асырудың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының орындалу барысы мен оған өнер, мәдениет қайраткерлері қосар үлес пен бағыт-бағдар хақында болды. Бұл жөнінде республикалық Ұлттық кітапхана басшысы Әлібек Асқар «Жоспардың негізгі бағыттарын сапалы және мерзімінде орындау – қазақстандық қоғамның жарқын да жемісті болашағы жолында жан-жақты өркендеудің жаңа кезеңіне есік ашатындығын» сипаттай отырып, еліміздің бүгінге дейінгі қол жеткізген жетістіктері мен жеңісті қадамын нақты мысалдармен баяндап өтті.
Наурыз айында елімізде өтетін Парламент Мәжілісіне кезектен тыс өткізілгелі отырған сайлау науқаны туралы әңгіме де бұл кездесуде күн тәртібіне сай қозғалды. Ел зиялылары бұл маңызды науқанға өз үлестерін қосып, сайлауалды жұмыстар жүргізіле бастаған тұста кеңінен қолдау көрсете отырып, халықты сайлауға жұмыла қатысуға шақыратындығын, ел ертеңі мен кемел келешек үшін тарихи шешуші сәтке белсене араласуға сайлаушыларды үндейтіндігін тілге тиек етті.
Министр мен зиялы қауым өкілдері арасында өткен кездесу шеңберінде қозғалған тағы бір маңызды тақырып, яғни елімізде тұңғыш рет өткелі отырған айтулы мейрамның бірі – Алғыс айту күнін кең көлемде және жоғары деңгейге сай мерекелеу мәселесі де болды. Арыстанбек Мұхамедиұлы министрлік тарапынан бүгінгі таңда еліміздегі барлық этнос өкілдерінің бір-біріне алғыс сезімін білдіру мен қайырымдылық көрсетуге бастайтын ұлық мерекені ұйымдастыру мен дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатқанын жеткізді. Бұл күні бүкіл ел көлемінде көптеген мәдени-бұқаралық іс-шаралар, театр сахналары мен кинотеатрларда арнайы қойылымдар мен фильмдер көрсетіліп, отандық кітапханалар мен мұражайларда көрмелер ұйымдастырылатындығы, түрлі деңгейдегі кездесулер мен конференциялар өткізілетіндігін атап өтті.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен халқымыздың ауызбіршілігі мен татулығының ұйытқысы болған Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурыз елімізде Алғыс айту күні болып бекітілгенді. Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарына арнаған сөзінде: «Бұл күн барша қазақстандықтардың бір-біріне деген қайырымдылық, достық пен ыстық сезімдерінің шынайы мерекесіне айналуы тиіс», – деген жылы лебізі еліміздегі барша ұлт өкілдерінің бауырластығын арттыра түсері анық. Мерекенің барлық шаралары Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын арттыруға, мемлекеттік тілді насихаттауға және өскелең ұрпақ бойында қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеуге бағытталады, – деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.
Суретті түсірген
Борис БУЗИН.

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59