Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Тұлғалық капиталды дамытудың басымдығы ретінде шетелде кадрларды даярлау» тақырыбында брифинг өтті.
Білім және ғылым вице-министрі Т.Балықбаев, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғ.Нығметов, «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі Н.Сағынова қатысқан жиында білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған жоспарын іске асыру, сонымен бірге, оған үміткерлерді іріктеу ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы сөз қозғалды.
Вице-министр Т.Балықбаев атап өткеніндей, 2015 жылы Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен «Болашақ» стипендиясы 601 үміткерге тағайындалған, оның ішінде 439 магистратура, 40 докторантура, 122 тағылымдама бойынша.
Бүгінгі күні бағдарламаның 503 түлегі мемлекеттік құрылымдарда, ұлттық және жеке компанияларда, білім және денсаулық сақтау ұйымдарында маңызды стратегиялық шешімдер қабылдау деңгейіндегі жоғары басқарушылық буында қызмет етуде. Олардың қатарында 4 вице-министр, 5 әкім, 3 республика облыстары мен қала әкімдерінің орынбасарлары бар. Басқасын айтпағанда, осылардың өзі шетелде білім алған жастардың біліктілік деңгейін аңғартса керек.
«Болашақ» бағдарламасын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған жоспарына сәйкес, «ЖОО түлегі» санаты алынып тасталып, магистратураға «Инженерлік-техникалық қызметкер» жаңа санаты енгізілді. Үміткерлер дипломының орташа балы GPA 4.00 болуы тиіс, ол бұрынғы 2.67-ден 3.00-ге көтерілді. Сонымен бірге, ағылшын тілін білу деңгейіне де талап күшейтілді. Дәлірек айтсақ, IELTS 4.0-ден 5.0-ге артты. Үміткерлердің жұмыс өтіліне деген талаптар да өзгертілді. Магистратура мен докторантураға тапсыру үшін жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс. Осы және өзге де үделерден сүрінбей, Республикалық комиссияның талқысынан мүдірмей өткен үміткер аталмыш бағдарламаның стипендиаты аталмақ.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59