Олег Фролов – «Өскемен қалалық Ауған соғысы ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестік кеңесі төрағасының бірінші орынбасары. Жуырда Олег Геннадьевич «Нұр Отан» партиясының атынан №15 сайлау округі бойынша Өскемен қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттыққа ұсынылды. Ағымдағы жылы 2 ақпанда өткен праймеризде партияластарының қолдауына ие болып, 9 ақпанда өткен партияның қалалық конференциясында алдағы сайлауға түсу үшін партиялық тізімге енді.
– Бұл – мен үшін үлкен мәртебе. Елбасы жүктеген міндеттер межесінен табылып, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу үшін тынбай еңбек етуіміз тиіс. Мәслихат депутаттарының алдында Жаңа Экономикалық Саясат шеңберінде бюджет қаржысының тиімді жұмсалуын бақылау және дағдарысқа қарсы бағдарламаларды жүзеге асыру міндеті тұр. Яғни, қаламыздың гүлденуі жолында және сайлаушылар сеніміне ие болу үшін аянбай еңбек ету керек, – деді Олег Фролов.
Қазақстанның жаңа дәуірге бет алғанын айтқан үміткер қалалық мәслихаттың өткен шақырылымында өскемендік интернационалист-жауынгерлерге емдеу-сауықтыру шаралары тұрғысынан көп көмек көрсетілгенін жеткізді. Айталық, Ауған соғысының ардагерлері Астана мен Алматы емханаларында емделіп, Выдриха ауылындағы Уба шипажайында денсаулықтарын түзеп келеді. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау туралы заң аясында 15 ақпан күні 50 мың теңге көлемінде материалдық өтемақы төленуде. Сондай-ақ, соңғы 8 жылда Ауған соғысының ардагерлеріне 60 мың теңге көлемінде коммуналдық қызмет үшін жеңілдік жасалып отыр.
2015 жылы облыс орталығындағы мектептерде 40-тан астам ерлік сабағы мен 2 әскери-патриоттық ойын өткенін де айта кеткен ләзім.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59