«Бірлік» саяси партиясы мен «G-Global» «Жасыл экономика» және даму үшін» коалициясы өкілдерінің кездесуі өтті.
Кездесуде сөз алған «Бірлік» партиясының мүшесі Асқар Сыздықов «Жасыл экономика» тек қоршаған ортаның таза, ал адам денсаулығының мықты болуы үшін ғана маңызды емес екенін жеткізе келе былай деді: «Бұл біздің кәсіпорындардағы, коммуналдық объектілердегі, көліктердегі және тағы басқа шығындарымызды бірнеше есеге азайтуы мүмкін. Демек, бұл бір жағынан қаржыны үнемдеу үшін де қажет. «Жасыл экономика» әлемнің жаһандық нарықтарында біздің тауарларымыз бен қызметтерімізді бәсекеге қабілетті етеді».
«G-Global» «Жасыл экономика» және даму үшін» коалициясы басқармасының төрайымы Салтанат Рахымбекова өз сөзінде «Жасыл экономиканың» имиджі Қазақстанның әлем жұртшылығы алдындағы инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал ететінін айтты. «Бүгінде дамыған елдердегі тұлғалар, саясаткерлер, ірі бизнесмендер, ғалымдар, шығармашыл азаматтар «жасыл экономиканың» дамуына айрықша көңіл бөле бастады. «Жасыл экономика» химия мен биология, механика мен сандық технологиялар, математика мен физика, роботты техника мен әлеуметтік ғылымдар саласындағы кадрларымыздың сауаттылығын арттыруға қозғау салып, түрткі болады. Жақын болашақта мұндай кадрлар барынша көп сұранысқа ие болмақ», – деді ол өз сөзінде.
Ал «Ақбота» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Татьяна Немцан «жасыл экономиканың» азаматтарды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге және оны экспорттау арқылы жақсы кіріс алуға мүмкіндік беретінін жеткізді. «Экономикалық жағынан пайда әкелу мақсатында көптеген ірі шетелдік компанияның Қазақстанның «жасыл экономикасына» барынша назар аударуға дайын екендігінің өзі оған қосымша тартымдылық береді. Қазақстанның бұл салада аз ғана күш-жігер жұмсап, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуіне мүмкіндігі бар», – деді өз сөзінде ол.
«Біздің партиямыздың негізгі қағидаттарының бірі – экологиясы таза орта қалыптастыру. Таза ортаны, табиғатты болашаққа аманаттау. Сондықтан, «G-Global» коалициясымен бірлесе отырып, елімізге «жасыл экономиканы» енгізу бойынша бірлесе жұмыс жүргізгіміз келеді. Мәселен, бүгінде таза көкөніс өнімдерін өсіру, электр энергиясын тиімді пайдалану, көмірді 60 пайызға дейін үнемдейтін технологияларды, биотехнологияларды, тамшылатып суару жүйесін енгізу бойынша іс-шаралар қолға алынып жатыр. Біз осы арқылы Қазақстанның экономикасын дамытуға мүмкіндік аламыз деп ойлаймын», – деді «Бірлік» саяси партиясы төрағасының орынбасары Төлеген Қуанышев.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59