«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVІІ съезіне делегат болып қатысқан Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ректоры Ерқара АЙМАҒАМБЕТОВ біраз жылдан бері облыстық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін жемісті атқарып келеді. Таяуда белгілі ғалым, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткеріне жолығып, съезден алған әсері және алдағы болатын сайлаудың жай-жапсары туралы сұрап білген едік. Ол былай деді:
– «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде негізгі екі мәселе қаралды. Оның біріншісі – партияның тұғырнамасы болса, ал екінші мәселе – партия өзінің Мәжіліс депутаттығынан үміткерлерінің тізімін жариялады.
Кез келген мемлекеттің алдында үш үлкен мәселе тұрады. Ол – инфляция, жұмыссыздық және ішкі өнім. Осы үшеуінің шешімін оң тауып, экономикалық стратегияны дұрыс жолға қоя білген елдің болашағы жарқын деп сеніммен айтуға болады. Міне, осы мәселелерге еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев өз баяндамасында баса мән берді.
Халықтың қолдауынсыз ешқандай да реформа іске аспайды. Үкімет, кәсіби мемлекеттік аппарат халықтың қолдауына сүйенгенде ғана іс ілгері жылжиды. Бұл тұрғыдан келгенде, бүгінде Тұңғыш Президентімізге деген ел сенімі өте зор. Тонның ішкі бауындай тату-тәтті тұрып жатқан көпұлтты, көпконфессиялы еліміз Елбасының салиқалы саясатын қолдап келеді, алдағы уақытта да қолдай береді деген нық сенім бар.
Ұлт бірлігі – біздің Тәуелсіздігіміздің қол жеткізген басты байлығы. Бұған Елбасымыз өте қатты мән береді. Президентіміздің алдымен – экономика, сонан кейін саясат деген ұстанымы өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келеді. Шынында да, адам баласы үшін алдымен оның тамағы тоқ, көйлегі көк, көршісімен тату болмағы маңызды. Экономикасы мығым, саяси бағыты түзу, әскері қуатты елдің басшысы мықты болып саналады. Бүгінгі күнде біздің Елбасының осындай дәрежеге жеткен саяси тұлға екендігі даусыз.
Партия съезінің делегаты ретінде өз ойымды білдірер болсам, тізімдегі үміткерлердің кез келгенін алып қарайтын болсақ, өз саласының білгірі, тәжірибелері толысқан, елге танымал азаматтар. Егер алдағы сайлауда жеңіске жетер болса, мұндай депутаттармен қандай да болсын дағдарысты еңсере алатынымызға күмән жоқ.
Қазіргі уақытта Қазақстанның көрсеткіштері жақсы, тіпті, жағдайды Ресеймен салыстыруға да келмейді. Біздегі инфляция 6-7% болса, көршімізде бұл көрсеткіш 13 пайызды құрайды. Жұмыссыздықпен күреске келсек, көрсеткіш жаман емес. Дағдарысты тежеп, тойтаруға бағытталған шаралар жан-жақты қарастырылған. Жалпы, бүгінгі күнде осы айтылған күрделі мәселелерді шешу үшін арнайы бағдарламалар қабылданып, олар табысты жұмыс істеп жатыр.
Мемлекеттің негізгі мақсаты – дайын өнім өндіру. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып кіргеннен кейін өзімізде жасалатын отандық өніммен танылуымыз керек. Бұл – шикізатқа иек арта бермей, барлық күш-жігерді, білім мен ғылыми әлеуетті ішкі өнімнің іргетасын нығайтуға жұмсау керек деген сөз. Яғни, біздің алдымызда тұрған ең маңызды шаруаның бірі – экономикаға серпін беріп, осы саланың мұқтаждығын басым бағытты саясат дәрежесіне жеткізу.
Сонау Америка президенті Рузвельттің заманынан экономикалық және рухани дағдарыстардың болатыны туралы әңгіме қозғалып келеді. Жалпы, адамзаттың ойшылы Рузвельттің айтуынша, кез келген ел экономикалық дағдарысты жеңе алады. Ал рухани дағдарысты еңсеру – екінің бірінің қолынан келмейді. Дағдарыстарды жеңу үшін ең алдымен мемлекетке ұлт болып ұйысып, белгілі бір ұлттық идея аясында күш біріктіру қажет. Ал бұл дегеніңіз – біздің елімізде бар дүние. Елбасы ұсынған «Мәңгілік Ел», «Ұлы Дала елі» сынды ұлттық идеямен, яғни ұлы мақсаттармен қаруланған Қазақстан мемлекеттілігінің қабырғасы мызғымайды деп сенемін.
Осы тұрғыдан алар болсақ, біздің жаңа Мәжілістің құрамында елге танымал өнер адамдарының, спортшылардың болғаны керек дүние деп есептеймін. Қазіргі қиыншылық заманда біз рухани дүниелерге айрықша мән беруіміз керек. Яғни, біздің халыққа өнерді дәріптейтін, саламатты өмір салтын насихаттайтын азаматтардың қызмет етуге деген құлшынысына түсіністікпен қарап, қолдау білдіргеніміз жөн.
Жазып алған
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан».
ҚАРАҒАНДЫ.

Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40