16 Ақпан, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
0-07-2015-Ukimet 012016 жылғы 15 ақпан №67 Астана, Үкімет Үйі Демалыс күнін ауыстыру туралы Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2016 жылғы наурыздағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
  1. Демалыс күні 2016 жылғы сенбі 5 наурыздан 2016 жылғы дүйсенбі 7 наурызға ауыстырылсын.
  2. Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2016 жылғы 7 наурызда жұмыс жүргізуге құқық берілсін.
Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.
  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ