ТАРАЗ. 16 ақпан. М.Х. Дулати атындағы ТарМУ басшылығы мен Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы, полковник Бақытжан Бейсеев 2016 жылы күшіне заңнамалар негізінде құрылған жаңа қызметтің міндеттеріне тоқталып өтті. Ал, университет ректоры Махметғали Сарыбеков әріптестік туралы меморандум негізінде университет ғимараттарындағы тыныштық жергілікті полиция қызметінің жіті бақылауында болатындығына назар аударды.
«Бұл меморандумға студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында қол қойылып отыр. Осы құжат негізінде жастар арасындағы қылмысқа бірлесіп қарсы тұрудың кешенді жоспары түзіледі. Ол жоспар бойынша арнайы мамандардың қатысуымен семинарлар, тренингтер, кездесулер өтетін болады. Құқық бұзушылыққа тап болған студенттерге психологиялық көмек көрсетуді де ойға алып отырмыз. Құқықбұзушылыққа қарсы күрес жайын айта отырып студенттердің өзін-өзі қорғау мәселесінде назардан шет қалдырмаған жөн. Дәл осы мақсатта студенттер «Динамо» спорт кешенінің базасында өзін-өзі қорғаудың әдіс-тәсілдерін меңгермек. Жұмыстың нәтижелігін арттыруда жергілікті полиция қызметіне ТарМУ-дың әскери кафедрасы базасындағы «Бүркіт» студенттік жасағы да көмек көрсетуге әзір. Оған қоса, университетіміздің гидрокешеніндегі қоғамдық тәртіпті сақтау үшін аталмыш кешен аумағына участкелік полиция пункті орнатылады», деді университет ректоры.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 16 Ақпан, 2016
ТарМУ мен жергілікті полиция меморандумға қол қойды

Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40