16 Ақпан, 2016

Астана көшелеріне спортты насихаттайтын плакаттар ілінеді (фото)

563 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16-02-2016-FCАСТАНА. 16 ақпан. «Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубы елорда көшелеріне белгілі қазақстандық спортшылардың суреттерімен плакаттар іледі. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты – astana.gov.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған әлеуметтік жарнаманы қаланың адамдар көп жүретін жерлерінде орналасқан Astana Bike велопрокатының 110 стансасынан көруге болады. Шараның мақсаты – жанкүйерлер мен спортқа әуес жандарды біріктіру, сондай-ақ, саламатты өмір салтын насихаттау. Астаналықтардың назарына қазақстандық спортшылардың, Astana Pro Team велокомандасы, «Барыс» хоккей клубы, «Астана» футбол клубы, «Астана» баскетбол клубы өкілдерінің, Astana Arlans боксшыларының, Astana Motorsports ралли-рейдтері бойынша команда мүшелерінің суреттері ұсынылады. Еламан Қоңыр. Дерек: astana.gov.kz. Сурет: «Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубының баспасөз қызметі. 16-02-2016-Arlans 16-02-2016-Barys 16-02-2016-BC 16-02-2016-PROTEAM 16-06-2016-Moto