16 Ақпан, 2016

Мәскеуде Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы атап өтілді (фото)

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16-02-2016 zhambil 3 АСТАНА. 16 ақпан. Ресей астанасы Мәскеу қаласында қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, жыр алыбы Жамбыл Жабайұлының туғанына 170 тыл толуына орай әдеби-сазды кеш өтті. Бұл туралы 24.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мәскеу ұлттар үйінде өткен кеште Жамбыл Жабайұлының өлеңдері оқылып, ақынға арналған күй тартылды. Сондай-ақ, көрермендер арнайы түсірілген бейнеүндеуді тамашалады. Ал мұндай игі шараны қазақ жастар одағы мен Қазақстанның Ресейдегі елшілігі бірлесіп ұйымдастырды. «Жамбыл Жабаев – тек Қазақстан тарихында ғана емес, Кеңес одағына еңбегі сіңген ұлы тұлға. Тума талантының арқасында сол кезеңнің өмірін кереметтей суреттеген кемеңгер жан», – дейді Ресей Жаратылыстану ғылымдар академиясының мүшесі Дина Аманжолова. «Жамбыл – Ленинград пен Сталинград қалаларын азат етуге айтулы үлесін қосқан адам. Оның отты шығармалары сол кездің өзінде-ақ, сарбаздарға жігер беріп, жеңіске қарай құлшындыра түсетін. Сондай-ақ, екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға сол кездің өзінде септігін тигізген», – дейді Ресей әдеби палатасының басшысы Георгий Брегман. Аян Әбдуәли. Дерек: 24.kz. Сурет: massaget.kz. 16-02-2016 zhambil 2 16-02-2016 zhambil 1