16 Ақпан, 2016

Ақмола облысында пара алмақ болған полицей ұсталды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16-02-16-pol

КӨКШЕТАУ. 16 ақпан. Ақмола облыстық ішкі істер департаментіне қарасты жол-патрульдік полиция қызметкері пара алғалы жатқан жерінде қолға түсіп қалды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыстық ішкі істер департаменті өзіндік қызметтік бақылау қызметкерлері жемқорлықпен күресу және оның фактілерін анықтау мақсатында кезекті рейдтік жұмыстарын ж.ргізіп жатыр. Олар өздерінің дұрыс жолдан тайған әріптестерінің «лас тірліктерінің» алдын кесуге күш салуда. «Ақпанның 14-і күні сағат 15:15 минут шамасында Степногор қаласы автовокзалы ғимаратының ішінде 42 жастағы жергілікті тұрғыннан 100 мың теңге көлемінде пара алмақ болған жол-патрульдік полиция ротасының қызметкері қолға түсті. Аталған жол-патрульдік полиция қызметкері мас күйінде көлік басқарған жүргізушіні әкімшілік жауапкершіліктен босату үшін ақша сұраған», - делінген хабарламада. Қазіргі таңда 23 жастағы полиция қызметкері уақытша ұстау оқшаулағышында отыр. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бақберген Амалбек. Дерек: Ақмола облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.