Елбасы Н. Назарбаев шағын кәсіпкерлікке үнемі қолдау көрсетіп келеді. «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында Нұрсұлтан Әбішұлы «Әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, табысты жұмыс істеп тұрған экономиканың маңызды қағидаты мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауы, оны қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету болып табылады», – деп, бұл саланың маңыздылығын айрықша атап өтті.
Тараздық кәсіпкер Нұрлан Аханов 1998 жылдан бастап халуа шығарумен айналысып келеді. Дәмі тіл үйіретін Нұрланның өндірген халуасын бүгінде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысы және Алматы қаласының тұрғындары тұтынады.
Жалпы, былайғы жұрт халуаны тек шемішкеден жасалады деп ойлайды. Бірақ, бұл тәтті жеңсік тағамға күнбағыстан бөлек жүгері сірнесі, қант және мейіз қосындысы қосылады екен. Ал кәсіпкер халуа дайындауға қажетті қоспалардың бәріне отандық өнімдерді пайдаланатынын айтады. Мысалы, аталған кәсіпорын күнбағысты Жуалы, Меркі, Шу және Т.Рысқұлов ауданының шаруаларынан сатып алады. Сондай-ақ, қант пен мейізді Тараздан, ал жүгері сірнесі іргеміздегі Алматы қаласынан жеткізіледі.
– Жұрт халуаны дайындап, тұтынушыға ұсынудың өте күрделі екенін біле бермейді. Мәселен, шемішкені қабығынан тазалап, кептірудің өзі жұмысшыларға едәуір күш түсіреді. Әйтсе де, «шегірткеден қорыққан егін екпейді» деп қарап отырған жоқпыз. Мысалы, бірнеше жыл бұрын өндіріске ИСО-9001-2000 халықаралық сапа менеджменті жүйесін енгіздік. Сондай-ақ, кәсіпорынға халықаралық «Халал» сапа стандарты сертификатын алдық. Бұдан бөлек, өткен жылы Қытайдан жаңадан құрал-жабдық сатып әкеліп орнатып, өндірісті дамытуға күш салып отырмыз. Аталған құрал-жабдықтың арқасында жылына 150 тонна тауар өндіруге мүмкіндік алдық, – дейді Нұрлан Шүкіржанұлы.
Қазіргі таңда «Аханов» жеке кәсіпорнында 17 адам екі қолға бір күрек тауып, еңбек етіп жатыр. Нұрлан Шүкіржанұлының айтуынша, олардың орташа жалақысы 40-50 мың теңгенің айналасында. Кәсіпорын басшысы бәсекеге қабілетті болу үшін алдағы уақытта одан әрі ширай түсу керек екенін айтады. Себебі, Қазақ елі Еуразиялық экономикалық одаққа кіргелі бері бәсекелестік бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жоғарылаған.
– Біздің болашақтағы жоспарымыз бәсекеге төтеп беретіндей өнім шығарып, тығырықтан шығу болып отыр. Ол үшін бізге халуаның бағасын түсіріп, керісінше, оның сапасын арттыру керек деп ойлаймын. Оның үстіне халуа күнделікті тұтынатын тауарлар сияқты жоғары сұранысқа ие емес. Мысалы, облыста 50 шұжық шығаратын цех жұмыс жасайды екен. Ал халуа шығаратын небәрі бір-ақ цех бар. Кезінде бізбен бірге иық тірестіріп, екі цех халуа өндірген болатын. Алайда, олар бәсекеге төтеп бере алмай, жабылып қалды. Біз аталған әріптестеріміз сияқты нарықта жұтылып кетпес үшін, осы кезден бастап дұрыс қадам жасауымыз керек, – дейді кәсіпкер Нұрлан Аханов.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.

Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37