18 Ақпан, 2016

Қытайда зообақтан шығып кеткен піл 14 автокөлікке зақым келтірді

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18-02-2016 china elephant 2АЛМАТЫ. 17 ақпан. Қытайдың оңтүстік-батыс аумағындағы туристер демалатын Юньнань провинциясында зоологиялық қорықтан шығып кеткен жабайы піл 14 автомобильге зақым келтірді. Бұл туралы «Синьхуа» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Екі күннің ішінде 14 автомобильді зақымдаған пілдің шабуылына байланысты жергілікті полиция аумақты қоршап, туристерді қауіпсіз жерге көшіруге мәжбүр болды. Саяхатшылар мен жергілікті тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. Куәлердің айтуынша, бірде жолаушы толы автобусты аударып тастамақ болған жабайы піл, кенет райынан қайтқан. Осыған байланысты сақтандыру агенттері зардап шегуші көлік иелеріне өтемақы төлеуді мойындарына алды. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: «Синьхуа». 18-02-2016 china elephant 1