АТЫРАУ. 18 ақпан. Атырау облысының Жылыой ауданында мүлікті жария етуге байланысты 80 өтініш тіркеліп, оның 69-ы бойынша оң шешім шығарылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жылыой аудандық мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияның мәліметінше, жұртшылықтың көпшілігі жеке тұрғын үйді заңдастыру, үйінің қасынан салынған монша, тұрғын үйді жалғастыру қосымша құрылысы, қайта жоспарлау, гараж, қойма, дүкен, фото-бейне студио ғимараттар сынды қосалқы ғимараттарды заңдастыру мәселесімен кеңес алады. Комиссия мүшелері 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін 543 тұрғынға тиісті мағлұматтар берген. Соның ішінде 80 өтініш тіркеліп, 69 өтінішті жария ету үшін оң шешім шығарылыпты. Бір өтініш заңдастыруға жататын мүлікке (ғимаратқа) тиісті сарапшының қорытындысы болмауына байланысты кері қайтарылды, ал 10 өтініш әлі де комиссия отырысында қарастырылуда.
Жоғарыда көрсетілген өтініштер бойынша 69 тұрғын үй нысанының сомасы 306 млн. 230 мың теңгені құраған. Сонымен бірге, 64 тұрғын емес нысандар құны 27 млн. 890 мың теңгеге бағаланған. Одан бөлек, 173 млн. 304 мың теңгені құрайтын 41 коммерциялық нысанға жататын мүлік жария етілді.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: syrboyi.kz.
• 18 Ақпан, 2016
Атырау облысында 69 өтініштің мүлігі жария етілді

Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33
Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Президент • Бүгін, 15:27
Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан іске қосылатынын айтты
Елорда • Бүгін, 15:18
200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Елорда • Бүгін, 14:49
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Қазақстан • Бүгін, 14:44
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Бюджет • Бүгін, 14:33
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Президент • Бүгін, 14:21
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48