АСТАНА. 18 ақпан. Брюссель шенеуніктері көлік кептілісіне тышқандарды кінәлап отыр. Бұл туралы lenta.ru ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бельгия астанасы – Брюссель қаласының билігі көшедегі көлік кептелісіне аш тышқандарды кінәлі деп санайды. Олардың айтуынша, Еуропалық одақтың астанасы аталып кеткен қала магистральдарын қайта жөндеу жөніндегі қалалық жоспарды кеміргіштер жеп қойған.
Бұл туралы 17 ақпан күні қалалық парламент отырысында белгілі болды. Брюссель жолдарындағы көлік санын азайтуды көздейтін қағаз сызбалар көпірлердің біріндегі қабырға арасында сақталып келген. Депутаттарға көшелер қиылысы жоспарының жоқтығын Брюссель инфрақұрылым басқармасының бұрынғы басшысы: «Сызбаларды тышқандар кеміріп тастаған болуы керек», – деп түсіндірген.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, НАТО-ның штаб-пәтері мен Еуропалық одақтың басты институттары орналасқан бұл қалада көлік кептелісі мәселесі ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі. Сызбанұсқаның жоғалып кетуі бұл өзекті мәселені шешуді бірнеше жылға кейінге қалдыруы мүмкін. Кейбір бағалауларға қарағанда, қала көшелерін қайта құруға шамамен 1 млрд. еуро қажет екен.
Еламан Қоңыр.
Дерек: lenta.ru.
Сурет: AFP.
• 18 Ақпан, 2016
Брюссельдегі көлік кептілісіне тышқандар кінәлі болып шықты

Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33
Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Президент • Бүгін, 15:27
Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан іске қосылатынын айтты
Елорда • Бүгін, 15:18
200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Елорда • Бүгін, 14:49
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Қазақстан • Бүгін, 14:44
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Бюджет • Бүгін, 14:33
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Президент • Бүгін, 14:21
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48