Қостанай ауданының Заречный селосында тұратын Михаил Терехов Африканың ең биік шыңын бағындырды. Ол сегіз сағаттық қиын жолдан кейін Қазақстанның туын Ухуру шыңына қадады. Шың теңіз деңгейінен 5 895 метр биіктікте жатыр. Ең қызығы, Михаил Григорьевич Килиманджаро тауына жүрегіне шунттау отасын жасатқаннан бір жарым жылдан кейін шығып отыр.
– Климанджаро тауына шығу соншалықты таңғалатын да нәрсе емес. Оған 12 жастағы жасөспірім де, зейнеткерлер де шығып жатыр. Менің тауға баруым мен шыңға өрмелеуіме барлығы 8 күн кетті. Ал осы сапарға бір жыл дайындалдым. Жолға алатын жабдықтарымды жинастыруға жарты жыл кетті. Барлық уақытта күніне 4-5 сағат жаттығулар жасадым, 10 шақырым жүріп отырдым, – дейді саяхатшы.
2014 жылы Қостанай облыстық ауруханасында кардиохирург дәрігер Владислав Ачкасов Михаил Григорьевичтің жүрегіне шунттау операциясын жасайды. Білікті хирург жасаған операция өте сәтті өтеді. Науқас аурухана төсегінде жатқанда-ақ ірі әрі қызықты саяхат жасауды армандайды.
– Танзанияға сапар шегуге бекіндім. Таныстарым, туыстарым менің мұндай қауіпті жолға шықпауымды өтінді. Мені қадағалаған терапевт дәрігерім Наталья Заляева саяхатқа шығатынымды естігенде басын шайқады, бірақ тоқтатпады, жол болсын айтып қала берді, – дейді Михаил Григорьевич.
Ол Танзанияда төрт ресейлікпен бір топта болды. Оның да біреуі бұрынғы қостанайлық екен. Қызықты кісілермен сапарлас, тату-тәтті күндер кешкені Михаил Григорьевичтің жолын жеңілдетіпті.
– Мен шыңға алдымен шығып, ең ұшар басына Қазақстанның көк туын қададым. Еліме, Қостанай облысының тұрғындарына тілек тіледім, оны камераға жаздырдым. Қазақстанның дамуын армандайтынымды айттым, халқымыз осылай татулықтан, бірліктен арылмасын дедім. Шыңда тұрып, «Алға, Қазақстан!» деп айқайлағанмын. Аязға шыдамай камера тоңып қалыпты, сөзімнің соңы түспей қалыпты, сол бір кішкентай сәт өкінішім болды, – деп саяхат қызығын шертті.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан».
Қостанай облысы,
Қостанай ауданы.

Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33
Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Президент • Бүгін, 15:27
Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан іске қосылатынын айтты
Елорда • Бүгін, 15:18
200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Елорда • Бүгін, 14:49
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Қазақстан • Бүгін, 14:44
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Бюджет • Бүгін, 14:33
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Президент • Бүгін, 14:21
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48