Республика көлемінде бірыңғай мектеп формасына көшу мәселесінің талқыланғанына біраз уақыт болды. Жуырда осы жайт өз шешімін таппақ. Атап айтқанда, Үкімет барлық қазақстандық оқушылар үшін бірыңғай киім үлгісін анықтайтын болды.
Егер нақты шешім қабылданса, ел бойынша мектепке баратын ұл-қыздардың барлығы бірдей үлгіде киінетін болады. Білім саласының мамандары жаңа бірыңғай киімнің үлгісі мен түсін таңдауға ата-аналар комитетінің мүшелері де қатысатынын айтып отыр. Бұл – форма таңдауда кез келген ата-ананың ұсыныстары мен тілектері ескерусіз қалмайды деген сөз.
Негізі, мектеп оқушылары биылдан бастап бірдей киім киюлері керек еді. Алайда, бұл бастама тағы кейінге шегеріліп қалды. Қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігі оқушылардың мектеп формасын таңдап жатқанын хабардар етті. Әзірге облыс орталықтарындағы әр мектеп басшылығы оқушылар киіміне қатысты өзіндік талаптарын қойып отыр. Ондағы ең басты шарт – балалардың формалары бір стильде болуы керек. Мәселен, бір мектепте оқушылар нақты бір түсте арнайы тігілген жилет кисе, өзге білім ордасындағы балалар классикалық ақ-қара түсті костюм киеді.
Ернар МҰХАМБЕТ.

Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33
Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Президент • Бүгін, 15:27
Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан іске қосылатынын айтты
Елорда • Бүгін, 15:18
200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Елорда • Бүгін, 14:49
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Қазақстан • Бүгін, 14:44
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Бюджет • Бүгін, 14:33
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Президент • Бүгін, 14:21
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48