Алматыдағы Қазақстан Республикасы Президенті Архивінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының құрылуына 70 жыл толуына орай «Елдің интеллектуалды капиталы: Тәуелсіз Қазақстанның зоология ғылымы» атты тарихи-құжаттық көрме және дөңгелек үстел өтті.
Зияткерлік көрмеде Қазақстанның зоология ғылымының тарихын, оның қалыптасуы және дамуын бейнелейтін мұрағат құжаттары: Зоология секторының құрылуы туралы хаттамалар мен қаулылар, басшыларды тағайындау туралы хаттамалардан үзінділер, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарлары мен есептері, баянхаттар, жарияланған еңбектер туралы мәліметтер, институттың зерттеу қызметі мен халықаралық қатынастары бойынша хат алмасу ұсынылды. Сондай-ақ, көрмеде сирек кездесетін, «Қызыл кітапқа» енген жәндіктердің зоологиялық коллекциялары, Зоология институтының еңбектері орналастырылды.
Ұлы ғалымдардың зерделі мұраларын сақтауда «Ғылым ордасының» ведомстволық мұрағаты маңызды рөл атқаруда. Деректерге бай мұрағат қорлары отандық ғылымның қалыптасуы мен дамуын бейнелейтін құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Мұнда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының ғылыми-ұйымдастырушылық қызметінің және оның мекемелерінің 1932 жылдан басталатын құнды құжаттары жинақталған. Ведомстволық мұрағат 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының құрамында «Ғылым академиясының мұрағаты» болып құрылған болатын.
Көрменің салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Борис Жапаров, Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігі басшысының орынбасары Ирина Переверзева, Ғылыми-техникалық құжаттама орталық мемлекеттік мұрағатының директоры Гүлайхан Сәрсенова сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел шеңберінде Павел Мариковскийдің Президент Архивінің қорында сақтаудағы қолжазбасының негізінде дайындалған «Воспоминания натуралиста, зоолога, писателя» кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер ҚР ҒТҚ ОММ-да сақтаудағы Павел Мариковскийдің жеке қорының материалдары негізінде дайындалған көрмемен қоса өткізілді.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33
Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Президент • Бүгін, 15:27
Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан іске қосылатынын айтты
Елорда • Бүгін, 15:18
200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Елорда • Бүгін, 14:49
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Қазақстан • Бүгін, 14:44
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Бюджет • Бүгін, 14:33
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Президент • Бүгін, 14:21
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48